Тұлға, Адам | 268 қаралды
Шейіт пен Шахидтің айырмашылығы барма ?

1 жауап

- Шахид - қазақ тілінде шейіт болуды білдіреді. Дінде шахид болуды үш топқа бөледі. Біріншісі, таза Құдай жолында шахид болғандар. Яғни, Құдай жолынан ауытқыған ағымдармен күресте қаза болған діндарларымыз. Екінші топқа діни әрі дүнияуи шахидтер жатады. Үшінші топтағылар мұсылман болғандарымен тұрмыстық деңгейдегі санадан аспағандардың дүнияуи өлімдері. Шахид сөзінің жихад сөзімен байланысы бар. Айталық, жихад сөзі әлеуметтік, психологиялық, әскери қорғаныс мағынасын береді. Заңгер ретінде айтарым, қылмыстық құқықта «қажетті қорғану» деген болады. Бұл тұрғыдан айтқанда, сыртқы күштен қорғану заңды саналады.

Әскери әрекеттегі жихадқа сүннеттен дәлел іздейтін болсақ, пайғамбарымыз Мединаға көшіп барып, мемлекет құрғаннан кейін ғана пайда болған. Оған дейін, яғни әскери әрекет пайда болмай тұрып жихадқа рұқсат берілмеген. Әбу-Ханифа масхабында да жихадты мемлекет басшысы ғана жариялауға тиісті. Жеке топ жихад жариялауға заң бойынша да, дін бойынша да құқықты емес. Өйткені пайғамбарымыздың өзі жихадқа сыртқы күштен, дұшпандардан қорғану мақсатында барған ғой.

Толық ақпарат: https://abai.kz/post/11415

Жақсы Жауап
120,922 сұрақ
309,824 жауап
153,246 пікір
69,516 қолданушы