+1 дауыс
385 көрілді
Pocket-те 350 таңдаулы ақпарат;

Мазилла, Сафари, Опера, Хромның əрқайсысында 200-дің үстінде таңдаулы бет;

Медиумның күн сайынғы үздік постары;

Eмайлдағы таңдаулы хабарламалар;

Букмейтегі оқылуы керек 450 кітап;

Downloads папкасында жатқан мыңға жуық pdf;

Телеграмдағы 20-ға жуық ең үздік каналдарда оқылмай тұрған 1000-даған жазба;

Ақыр соңы Фейсбуктың Save-індегі сансыз материалдар да бас жарытпай бара жатыр...

Қайтпек керек? Осынша салдыр-салақ, инфо-қоқысқа айналуыма не түрткі болды екен? Тек арасында ғана: "Осынша ақпарат маған осыдан 10 жыл бұрын доступно болғанда ғой. Осылардың барлығын осыдан 10 жыл бұрын түсінгенімде ғой..." деп, ақпараттық аштықтан əлі айықпағаныммен өзімді ақтап алып жүрмін.

Əйтпесе, ақпараттан ми қайнағаны ештеңе емес, "керек ақпарат екен, кейін оқимын" деп анда-мында сақтап қойған информациялар оқылуын күтіп жатып та миға салмақ түсіре береді екен...

Үйде жатқан неше хард диск, пəленбай терабайт дропбокс, гугл драйв, майлру клауд, яндекс диск һəм мегаларда көрілмей жатқан видеосабақтардың стресін айтпай-ақ қойдым. Ал Coursera, FutureLurn, Udacity секілді MOOC-тардағы жазылған курстарымды Нұх Пайғамбардың жасын сүрсем де бітіре алмайтын болармын...

Дүниенің ақпаратына қол жеткізгің келетін жаман əдет сізде де бар ма? Бұл не деген ашкөздік өзі?

1 жауап

0 дауыс
Дүниенің ақпаратына қол жеткізгің келетін жаман əдет сізде де бар ма?

-----------------------------------------------------------

Жоқ.

Ұқсас сұрақтар

...