Сәлеметсіз бе!
Сіздің түңіліп, түрлі ойлардың жиі мазалауының сіз айтқандай тек жолдасыңызбен байланысты емес сияқты. Тек қазіргі өміріңіздегі өзгерістер сіздегі бұрыннан бар мәселелердің бетін ашуы мүмкін. Түсінгіміз келмейтін, мойындағымыз келмейтін сезімдер мен ойлар ослай уақыт келе тығыны ашылып бізді қатты қысымның астына алады. Меніңше сізге қазір бала тууға асықпау керек. Өзіңізге уақыт бөліп, ішіңіздегі болып жатқан, сыртқа шыға алмай тұншығып жатқан процесстерді түсінуге тырысыңыз. Сауатты психологтарды іздеп көріңіз.