0 дауыс
1.0k көрілді
жүз сөзінінің шығуы ?

2 жауап

0 дауыс

Қазақ жүздерінің генетикалық-этникалық мағынасы жоқ, тек қана географиялық–әкімшілік аумақтық топтасудан туған термин. Өйткені бізге жеткен тарих деректеріне жүгінсек, елді үшке бөліп басқару дәстүрінің тым ертеден, біздің жыл санауымыздан бұрынғы үшінші ғасырдан – хұннулар (хұндар) заманынан бері бар екенін және оның үзілмей жалғасып келе жатқанын көреміз. Мысалы, хұннулардың Ұлы тәңір құты Модэ өзі жаулап алған ұлан-ғайыр жерді үшке бөліп, елдің шығыс жағын өзінің баласына, батыс жағын бауырларына басқартады, ал осы екеуінің ортасындағы өлкені өзі иеленеді. Ел билеудің осы тәсілін Шығыс түрік қағанатының (687-744ж.ж.) қағандары Елтеріс (Құтлығ), Мочжо (Қапаған), Могилян (Білге) одан әрі жалғастырды. Түрік қағанатынан кейін тарих сахнасына шыққан қазіргі Қазақстан жеріндегі мемлекеттер: Түркештер де, Қарлықтар да, Қарахандықтар да дәстүрлі үшке бөліп басқаруды қабылдаған. Түркі мемлекетінің орнына билік құрған Шыңғыс хан да, өзіне бағынған түрік елін үшке бөлді. Олар: Жошы – билік жері, Шағатай - билік жері, Үгедей -билік жері. Шыңғыс хан балалары да осы үшке бөліп басқару тәсілін қолданды. Тәуке ханның да қабылдағаны белгілі. Бірақ негізгі билік тізгіні үлкен орданың өз қолында қалып отырды. Қазақ жерінің үш жүзге (үш ордаға): Ұлы, Орта және Кіші жүзге бөлінуінің негізгі себебі сыртқы және ішкі жағдайға байланысты болды. Біріншіден, қазақ жерінде 100 жылдан асып түскен жоңғар шапқыншылығы жүріп жатты, оған қоса Ресей империясының және Орта Азиялық хандар қолдап өршіткен,сұлтандарды бір-бірімен бәсекелеске айдап салған саясаттан болды. Екіншіден, Тоқа Темір ұрпағынан тарайтын қазақ сұлтандарының, билер мен ру басыларының арасындағы мал жаятын жайылым жердің азаюына байланысты өзара талас, қарама-қайшылықтан туған деуге болады. Қазақ жерін үш ордаға(жүзге) бөліп басқару деген шешім Тәуке хан өлген соң 1718 жылы саяси шешімін тапты. Бұл шешім біртұтас қазақ жерін, хандығын үш әкімшілікке бөліп, саяси жағынан бытыраңқы етуге әкеліп соқты. Ал кейіннен ол қазақ елінің басқаларға бодандыққа түсуіне негізгі себеп болды. Бірақ еске сала кететін бір мәселе: ата дәстүрі бойынша, Ұлы жүздің ең соңғы руы, Орта жүздің немесе Кіші жүздің ең алдыңғы руынан биік тұрды. Мынадай жағдайларда: 1) әскери тәртіптегі орынды анықтауда; 2) соғыс табыстарын бөлуде;3) үйге кіріп ,төрге шығарда; 4) мерекелік жиындарды ашуда; 5) соғыс жариялау мен бейбіт келісімдер туралы шешім қабылдауда т.б. мәселелерде Ұлы жүз өзінің үстемдігін қазақ хандығында сақтады. Ал Үш жүз атауы Орда терминінің мағынасы ретінде қағаз бетіне түскен ең алғашқы жазба дерек орыс патшасының қазақ даласына жіберген елшісі Мәмет (Құтлымбет) Тевкелевтің Сыртқы істер алқасына 1732 жылы 5 қаңтарында жазған хабарламасында айтылды, онда: «Қазақ Ордасы ежелден үшке, нақтырақ айтсақ, Үлкен, Орта және Кіші жүз деп бөлінеді», - дейді. Қазақ халқының бөлінбейтін біртұтас халық екендігін Патшалық Ресейдің белгілі ғалымдары да мойындады. Қазақстанды басқару туралы ережелерде: «Жергілікті жағдайдың қажеттері мен халықтың тұрмысын зерттеуге қарағанда қазақтар, өзінің шығу тегі, дін туралы, тіл және тұрмыс салты жөнінен бір халық болып табылады»,- деген. Олай болса, үш жүздің қазақтары бір қазақ атын құрайды. Қорыта келгенде, қазақ ордаларының үшке бөлініп аталуы ежелгі заманнан бар дәстүр: әскерді, мемлекетті әкімшілік тұрғыдан басқару жүйесінен болған. Ешқандай этникалық мағынасы жоқ, тек қана жерге, аймақтық топтасу мен басқарудан туған термин.


Толық мәлімет:  https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/34012/

0 дауыс
Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз. Жүздердің шыққан уакыты, шығу себептері, ішкі мазмұны жөнінде ғалымдардың арасында әлі ортақ пікір жоқ. (Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет). 2. Осы үшке бөліну ежелгі тарихшы Геродоттың еңбегінде де бар. Оның айтуынша скифтердің (қыпшақ-қазақтардың М.Қ.) атасы Тарғытай 3 баласына өз иелігіндегі жерлерді бөліп берген. 3. «Б.ж.с. дейінгі 2 ғасырда һұндердің жасаған жорығынан кейін, сақ (қазақ) тайпалары мекендеген өңірде үш ірі тайпалық одақ, үйсіндердің, қаңлылардың және аландардың (алаш) тайпалық одақтары жарыққа шықты. Бұл өңірлерде қалған сақ тайпалары осы одақтарға қатынасып, солардың атымен аталатын болды» («Қазақтың көне тарихы». 58 бет). 4. 2 ғасырдың екінші жартысында Сәнби тәңірқұты Таңшықай өз мемлекетінің құрылымын Мөденің үлгісімен жасап, өз жерін үшке бөлді: шығыс, орта және батыс аймаққа. Оның әрқайсысына ел ағаларын тағайындады. Сәнбилердің кім екенін Л. Гумиловтың сөзімен жалғастырсақ «Сәнбилер дегеніміз моңғолдар (Мұңалдар М.Қ.) еді, олар жеке тек ретінде хұндармен бірге жаралды да, бір толғақтан пайда болды.... 155-181 жылдардың арасында талантты ел көсемі Таңшықайдың тұсында қазіргі Монғолияның жерін өзіне қаратты және 177-жылы Ұлы даланы басып алуға ұмтылған қытайдың үш армиясының тас-талқанын шығарды». (Тұрсын Жұртбаев. Дулыға 2. 23-24 беттер). 5. «Жорықта жүріп шыныққан Руғила (Еділ-Аттиланың әкесі) патша үш ағайынды еді. Ақтар мен Мыңзық қос қанаттағы, өзі ортадағы әскерді басқарды». ...«Алман (герман) тайпалары да гот, шығыс гот, оңтүстік гот болып үшке бөлінген». ...«Түрік қағанатының дәстүрі бойынша әскер үшке бөлінетін. Қос қанатқа тек хан тұқымынан тараған ханзадалар әскербасылық ететін де, ортадағы жасақ тікелей қағанның өзіне бағынатын». (Т.Жұртбаев «Дулыға-2» 50. 151 беттер). 6. «...Шыңғыс, император, оңтүстікке бет бұрған билеуші», әскер мен ел басқаруды үш бөлікке бөлді: екі «қанат» - оң қанаты, Бауыршының басшылығындағы Алтайға жанасқан барыңғар және сол жақ қанаты, «го-ван» - «мемлекет князы» деген атақты иелденген Мұқалының басшылығындағы шығысында Цзинь империясымен жанасқан жоңғар. Орталық қараның – үшінші әскер тобының басшысы болып, Наяа тағайындалды» (І.Есенберлин. «Шыңғысхан әлем сілкіндірушісі» 56 бет). «149. Шыңғыс хан әмір етеді. «Қай жақтан нендей бір жау келуі мүмкін. Менің тоғыз сайытым үшке бөлініп жүріңдер!» («Моңғолдың құпия шежіресі» 80 бет).
...