0 дауыс
410 көрілді

Жақында Марсель Гране мен Михаил Гаспаровтың кітаптарында:

1. Жүз - əскери-əкімшілік бөлініс. Яғни, белгілі бір дəрежеде армияның тұрақтылығын, кəсібилігін қамтамасыз ету жолындағы бастама.

Жүз көнелердің түсінігінде ең кемел сан болған. Жүз - толық сан. Көпшіліктің белгісі.

2. Үш жүз.

Көне қоғам екіқұрамды болған. Феодализм заманы қоғам мен əскерді күрделендірді. Дихотомиялы екіқұрамды қоғамнан үштұғырлы, үшқұрамды құрылымға ауысты. Орта, оң жəне сол қанаттарға көшті. 
Арабта, мысалы, жүзиа жəне күллиа деген математикалық терминдер болған. Ондағысы: күллиа - сомасы, баршасы, жүзиа - күллінің құрамдас бөлігі болған. 
Яғни біздегі жүздер бөліну ғана емес. Құрамдастықтың, мызғымастықтың нышаны, формасы. 

3. Алаш, Алты алаш.

Алаш менің түсінігімде əскери-əкімшілік термин. 

Байқасаңыз Алаш деп қазақ өзін көбінесе жаугерші заманда атаған.

15-ші ғасырда қазақ рулары бөлек мемлекет құрғанда оларға өз дəулетін негіздеу үшін жаңа идея, жаңа саяси концепция қажет болды. Сол кезде түркі дəуірінен келе жатқан, Шыңғысхан идеясынан да көне дəстүр негізге алынды. Ол - Алаш концепциясы. Алаш концепциясы түркілік пен шыңғысхандық концепциялардың синтезі. 
Қазақтың ең ұлы хандарының бірі - Қасым хан бұл идеяны имперлік, жаугершілік идеяға айналдырды. Қасымды орыстар "казацкий царь" деуі тегін емес. Орыстар түркінің барлық шендерін жатқа білген. 
Царь, кесарь, цезарь, патша - имперлік шендер.

Алты деген үшқұрылымдықтың еселенген кемел саны. Тек имперлік билік алтықанат əскер жасақтап, құра білген.

Оның үстіне Алты алаш қазақ ұғымынан да кең ұғым. Оған көшпелі дəстүрді пір тұтқан, сарттықты мойындамаған елдер мен рулар мүше болған.

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...