Ауру айтып келмейді. Сондықтан кез келген жағдайда алғашқы көмек көрсетуге дайын болғанымыз жөн. Қандай жағдайларда алғашқы көмек көрсетіледі? Қандай қателіктерге жол бермеу керек?
Алдымен:
- Сізге ешқандай қауіптің төніп тұрмағанына көз жеткізіңіз.
- Зардап шегушінің тамырының соғуын, тыныс алуын, және көз қарашығының жарыққа әсер етіп-етпеуін (жарық түсірген жағдайда көз қарашығы кішірейеді) тексеріңіз.
Қатты қансыраған кезде:
Қансырап жатқан жерге бірден бұрау (жгут) салу – үлкен қателік!
Қан кету кезінде, оны тез арада тоқтату керек. Ең алдымен жараға жақын орналасқан күретамырды қатты қысып, оны стерильді майлықпен немесе бинтпен орап тастау қажет.
Бұрауды тек киімнің сыртынан ғана байлауға болатынын ұмытпаңыз. Оны жарақатталған жерге жақынырақ етіп байлау қажет.
- Ескерту! Бұрау салғаннан соң, 1 сағаттан кейін оны 10-15 минутқа босатып қойыңыз. Кейін қайтадан байлап, жарты сағаттан соң шешіп тастаңыз.
Мұрыннан қан кетсе:
Басты артқа шалқайтуға болмайды!
Зардап шегушіні отырғызып, басын алға қарай еңкейтіңіз. Қанның толығымен ағып кетуін қадағалаңыз. Танауын 10 минут екі саусағыңызбен қысып тұрыңыз. Аузына қан толып қалған жағдайда, оны жұтпай, бірден түкіріп тастау қажет. Егерде қан асқазанға түсетін болса, жүрегін айнытуы мүмкін.
- Ескерту! 15 минут ішінде қан тоқтамаған жағдайда, мұрынға тығын (тампон) салынады. Мұндай жағдайда дәрігерге көрінген жөн.
Суық тиіп қалса:
Қарға шомылу, вазелин жағу, ыстық ваннаға түсу, дене қызуын көтеру секілді жағдайларға жол бермеңіз!
Суықтап қалсаңыз, бірден жылы бөлмеге барып, оранып жатыңыз. Терлеген жағдайда, міндетті түрде киіміңізді ауыстырыңыз. Одан бөлек, уақытылы дұрыс тамақтанып, ыстық шәй ішкен дұрыс.
- Ескерту! Сырқаттанып қалған адамға алкогольді ішімдік ішуге мүлдем болмайды. Алкогольді ішімдіктер қан тамырларын кеңейтіп, денеңіздің жылынуына мүмкіндік бермейді.
Жүрек тоқтап қалса:
Әр жастағы адамдарға әртүрлі көмек көрсетіледі!
Ересек адамдарға екі қолмен бірдей жүрегін жанамалай уқалау қажет. Қолдың екі саусағын мойынға қарай, бас бармағыңызды төменге қарай бағыттап, алақаныңызбен басыңыз. Келесі қолыңыздың алақанын, бірінші қолдың үстіне қойғанда, екі қолдың саусақтары да жоғары қарап тұруы тиіс. Осы тәртіппен жүректі уқалаңыз. Балаларға бір қолдың, ал нәрестелерге екі саусақтың да күші жеткілікті.
- Ескерту! Зардап шегушіге уқалау әдістерін жасамас бұрын, оны шалқасынан, тегіс жерге жатқызу керек.
Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.