0 дауыс
333 көрілді

Жұмыстан әрбір үш сағат сайын жарты сағатқа, саны екіден көп балаңыз болса, бір сағат үзіліске шығуға құқығыңыз бар. Әрі еңбекақыңыздың сол күйі сақталуы тиіс. Бұл қай Заңда көрсетілген? Жүктілік кезінде жұмысыңызды жеңілдетуді талап ете аласыз ба? Сізді қай кезде жұмыстан шығара алмайды?

Декреттік демалысқа шығу және еңбек құқығы туралы не білу қажет?

1 жауап

0 дауыс

Иә, талап ете алады. Жұмыс беруші жүкті қызметкерді денсаулығына зиян келтіретін жұмыстан басқа қызметке ауыстыруға тиісті (медициналық қорытынды негізінде). Сондай-ақ, мұндай жағдайда қызметкердің орташа жалақысы сақталуы керек.

Жүкті әйелге басқа жұмыс берілгенге дейін, жұмысты орындаудан босатылуы керек. Бұл кезде де орташа жалақысы сақталуы тиіс.

Бұл туралы ҚР Еңбек Кодексінің 44-бабы, 1-тармағында көрсетілген.

Сондай-ақ, жүкті қызметкер вахталық жұмысқа жіберілмейді.

Бұл туралы ҚР Еңбек Кодексінің 135-бабы, 3-тармағында көрсетілген.


Елімізде декреттік демалысқа шығудың реті қандай? Жүкті қызметкерлер қандай маңызды ақпараттарды білуі тиіс? Оны мына сілтемеге өтіп біле аласыз.

...