+4 дауыс
3.6k көрілді
Кеше ағам бір қап үлкен үлкен картоп сатып алып келген екен. Бірақ бізге картоп ұнаған жоқ, үлкен әдемі болғанымен картоп піскенде тәтті болады. Картопты қуырсақ та, духовкаға тауықтың аяқтарымен де салып пісірсек те тәтті болып шығады. Сондықтан ұнаған жоқ. Соны алмас бұрын тәтті немесе тәтті емес екенін түрінен қарап ажыратуға болады ма екен?

2 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап
Батат (Іротоея batatas) — шырмауықтар тұқымдасына жататын көпжылдық шөп өсімдігі. Екпе шырмауықтың бір түрі. Мұны кейде «тәтті картоп» дейді. Сабағы төселмелі болады, оның буындарынан жанама тамырлар шығады да, олар ірі-ірі түйіндерге айналады, жеуге жарайды. Бататтың 90 пайызға жуығы Азияда өсіріледі, сондықтан ол азиялық асханада кеңінен пайдаланылады. Бұл түйнек тамырлы өсімдік әлемдегі аса қоректік өсімдік өнімдерінің бірі болып табылады. Бұл картоптың жұмсағы әр түсті болуы мүмкін, мысалы, қызғылт сары. Кәдімгі картопқа қарағанда, батат аса пайдалы.

[мына жерде БАТАТ КАРТОП туралы айтылған][1]

Батат картобы: көбіне ұзынша, сарғыш, қызғыш болып келеді....
![description][2]


Кәдімгі көп тұтынатын картоп: сарғыш, іші ақ болып келеді.... ![description][3]

Негізі әлем бойынша картоптың 3400 түрі бар екен...


  [1]: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D1%82%D0%B0%D1%82
  [2]:
  [3]:
Рахмет жауабыңыз сөзсіз Жақсы Жауап. Маған жауабыңыз қатты ұнады.
+4 дауыс
Картоптардың негізінен сыртқы келбеті мінсіз де, көп мөлшердегі мінмен де ерекшеленбеуі қажет. Сыртынан гөрі, құрамындағы нитрат мөлшерін арнайы прибор - нитратометр арқылы өлшеген жөн.
![descriptionо][1]


Ал мынандай картоптарды алмаған жөн.Алсаң да жақсылап пысырмасаң, токсиндер бөлінеді.
![descriptioьоn][2]


![descriptлзion][3]


![descriptionлш][4]



  [1]:
  [2]:
  [3]:
  [4]:

Картоптың қатты, тығыз болуы шарт.Ұсақ картоптар пайдалырақ. ОПТОвой мөлшерде алғанша, 1-2-3 килограммдап алсаңыз игі, бұл жағдайда әр картопты тексеріп алуға мүмкіндік туады. Салат-сорпаға құрамында 10-13 % крахмал, ал духовкіде пысыру, пюре жасау үшін 14-25% крахмал бар картоп тиімді және картоп таңдағанда сыртқы қабатын ақырын ашуға тырыс, егер үйреншікті "қытыр" дыбысы шықса, ол табиғи КАРТОП.
Үлкен рахмет! Пайдалы ақпарат екен!
...