+1 дауыс
37.2k көрілді
Жаңа жылға тақпақтар керек еді? Жаңа жыл өлең қайдан табуға болада?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,

Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...

Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,

Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-

Ғасырдың он екінші жылы келді,

Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!

Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,

Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.

Қазақтың пейіліне тарту етсін,

Табиғат ашық аспан, таң шапағын!

 

*

Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.

Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.

Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.

Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.

Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.

Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп

Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
Аяз Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.

Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, ата-әже
Құтты болсын жаңа жыл

Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.

 

*

Аяз –ата ақ сақалды,
Ақ таяқты паң ата,
Асып өтіп асқар тауды
Жеттің бізге таң ата

Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.

Қайда қызық думан болса,
Аяз ата сонда болды.
Балалармен бірге ойнап
Балалармен бірге қонды.

Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.

 

*

Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылда-жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.

 

Тамаша.тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

 

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған,

Miнe, сұлу шыршамыз.

Көптен күтіт, сағынған,

Кел, балалар, келіндер,

Тамашаны көріңдер.

 

*

Жаңа жыл Жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

 

 

Жаңа жылым мол болсын

Баскан қадам он болсын

Төрле Төрле Жаңа жыл

Бізге Құтты жыл болсын

 

Аяз ата келіп тұр,

Бизге сәлем беріп тұр.

Сақалының ұзыны-ай

Кесіп алсам шіркін-ай!!!

 

Жасыл желен жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған.

 

Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа-жыл

Ата-әже, әке - шеше

Құтты болсын Жаңа жыл

 

 

Жылдың әнін бастайын,

Аяз- Ата кеп қалды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.

 

Бақша іші мереке,

Ойын күлкі асқақ ән.

Жақсы әпкелер жаңа кеп,

Мерекені бастаған.

 

Жаңа жылды қарсы алдың,

Мініп алып күймеге.

Мен де бүгін ән салдым,

Араластым биге де.

 

Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысың.

Оранды ақ көрпеге,

Асқартау, қарлы шың.

 

Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да.

Аяз ата сағынған,

Сәлем бepді жұртына.

 

Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны.

Той-маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.

 

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

 

Қалып едік сағынып,

Kүтіп алдъқ жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп

 

Аяз ата ойды қырды

Аралап жүр түгел шолып.

Қарсы алғалы Жаңа жылды,

Ол да көптің бірі болып.

Қайда қызық болса думан,

Аяз ата сонда болды.

Күндіз үйде ойнап бізбен,

Балалармен бірге болды.
0 дауыс
мен сымбатпын маған сіздердң тақпақтарыңыз оте қатты ұнады мен мынаның бәрін жазып алдым рақмет
0 дауыс
Жаңа жыл келді кетпеспе, Ескі жыл кетті келмеске. Жаңа тілек тілесең, Дұрыс болса ниетің, Тілегін Алла бермеспе. Зәбірі жоқ тышқан жыл, Азық қана жыйнайды, Құрмет етіп бұл жылға,қолдарыңды бермеспе, Мәртебелі тұлғалар берекеге шақырсаң, Артыңнан халық ермеспе. Ескі жылдарыңыз есіркесін, Жаңа жылдарыңыз жарылқасын!!! Нұғман Мәшікей

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
3 жауап
+3 дауыс
2 жауап
+2 дауыс
4 жауап
...