+1 дауыс
468 көрілді
Кино ма əлде не? Толығырақ кім біледі?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Крестный отец қазақшасы-өкіл әке

1. Өкіл әке

Өкіл әке – бала отбасының перзентсіздігіне, жас адамның әкесіздігіне еш байланысы жоқ ара қатысты байлам. Үйлі-баранды елге танымал азаматқа қаны бөлек, ата-аналы ержеткен ұлдың, бойжеткен қыздың ықыласы ауып, балалық жылы сезімі оянып, ниеттескен екі тараптың бірдей әкелік пен перзенттікті қалауы. Ұлы-қызы сөзінің алдына өкіл қосылғаны болмаса, ағайындар куәландырған өкіл әкелік пен балалықтың ақиқаты күмәнсіз. 
Өкіл әке – келісім бойынша жасалған туыстық атау. Қазақ өмірінде бала асырап алу дәстүрі ежелден қалыптасқан ғұрып. Негізінен, өз кіндігінен ер баласы жоқ адамдар бала асырап алады. Халық дәстүрі бойынша той жасап, ер балаға асық жілік, қыз балаға тоқпақ жілік ұстатқан. Өкіл әке – туыстас, дос-жаран адамдардың жетім қалған балаларына өкілдік жасап, қамқорлығына алған адам. Оның өз бала-шағасы болғанымен, қимас дос, жақын құрбы-құрдастардың балаларына да көмектесу үшін өкіл әке болады. Ол баланы өз балаларынан кем көрмей, қуанышы мен қайғысын бірдей бөліскен. Оған бүкіл қоғам алдында үлкен жауапкершілік жүктелген. Бала да өкіл әкені сыйлауға, өз әкесіндей құрметтеуге міндетті болды. Кейінірек дәстүрлі қазақ қоғамында әкелер өзара келісіп, бірінің баласына бірін өкіл әке етіп сайлаған. Бұл дос адамдар мен олардың ұрпақтары арасындағы ауызбіршіліктісыйластықты дамыту мен жалғастыру мақсатында жасалған.

2. "Өкіл әке" -авторы Mario Puzo's The Godfather,  режисер-Фрэнсис Форд Коппола гангтерлік романтиканы, бандитизм мен қылмысты насихаттайтын  американдық фильм.

Рахмет, Злой. Ерінбей жалықпай жауап жазғаныңа. ))))))
+2 дауыс
Кино ғой.ютубтан қарап көр
Жоқ маған сөзбен түсіндіріп жазғаны керек еді.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
...