0 дауыс
1.6k көрілді
Қаржы мамандығын таңдағандардан көмек сұраймын! Кім қаржы мамандығын таңдады? Ол қандай мамандық? Менің естуімше жалықтыратын, қызықсыз мамандықтардың бірі. Бірақ ол əркімге əрқалай болатынын білемін. Бірақ сонда да таңдап, оқып жүргендердің немесе қаржы мамандығынан хабары бар адамдардың пікірін блгім келеді.Немесе жұмыс істеген, істеп жүрген я істейін деп жүрген адамдардың пікірі қызық. Нақты сұрақтарға жауап іздеймін:

1)Қаржы мамандығы қызықты ма?

2) Оны таңдап, өкінгендер болды ма?

3) Нақты таңдауға қандай себеп болды?

4) Ең бастысы қатты қиын емес пе?

5) Қаржы немесе есеп, аудит таңдағандарға жұмыс бар ма?)

PS Нені жүрегің қалайды, соны таңда дейтін жауаптар болмасыншы, себебі мен (престижный) мамандықтарды таңдаймын. Жүрегімнің қалауы болашақта жұмыс болып, ақша табу.
Не үшін өзгертілді? Нақты басты сұрақ бұл емес қой!!!! Тез арада өзгерту

1 жауап

0 дауыс
«Қаржы» (Финансист) мамандығы туралы - 5В050900

Қаржы – мемлекеттің қызметі мен міндеттерін орындау мақсатында білім беру, қаражат қорын тарату және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастар.

Академиялық дәрежесі – қаржы бакалавры

«Қаржы» мамандығының білім беру бағдарламасының траекториясы:

- Ақпараттық технологиялық және қаржы,

- Аймақтық қаржы

Бейінді пәндер:

* Қаржы

* Салық және салық салу

* Банк ісі

* Корпоративтік қаржы

* Қаржы менеджменті

* Инвестицияларды қаржыландыру және несиелендіру

Қызмет саласы:

* ҚР-дың Ұлттық банкі;

* Коммерциялық банктер, сақтандыру компаниялары;

* Зейнетақы қорлары;

* Салық комитеттері;

* Қаржылық және инвестициялық компаниялар;

* Фирма, компания мен ұйымдардың қаржылық бөлімшелері.

Оқыту мерзімі – 4 жыл

Оқыту түрі:

Күндізгі – 4 жыл

Орта-арнаулы білімнің (колледж) негізінде–3 жыл

Жоғары білімнің негізінде (сырттай) – 2 жыл

Оқыту тілдері: қазақ, орыс
...