Қаржы мамандығын таңдағандардан көмек сұраймын! Кім қаржы мамандығын таңдады? Ол қандай мамандық? Менің естуімше жалықтыратын, қызықсыз мамандықтардың бірі. Бірақ ол əркімге əрқалай болатынын білемін. Бірақ сонда да таңдап, оқып жүргендердің немесе қаржы мамандығынан хабары бар адамдардың пікірін блгім келеді.Немесе жұмыс істеген, істеп жүрген я істейін деп жүрген адамдардың пікірі қызық. Нақты сұрақтарға жауап іздеймін:
1)Қаржы мамандығы қызықты ма?
2) Оны таңдап, өкінгендер болды ма?
3) Нақты таңдауға қандай себеп болды?
4) Ең бастысы қатты қиын емес пе?
5) Қаржы немесе есеп, аудит таңдағандарға жұмыс бар ма?)
PS Нені жүрегің қалайды, соны таңда дейтін жауаптар болмасыншы, себебі мен (престижный) мамандықтарды таңдаймын. Жүрегімнің қалауы болашақта жұмыс болып, ақша табу.