0 дауыс
7.5k көрілді
Эссе - Жыраулар поэзиясының тәлім-тәрбиелік маңызы.

1 жауап

0 дауыс

Жыраулар поэзиясының өршіл рухы мен би-шешендердің терең ойға құрылған тегеуренді сөздері ХІХ ғасырдағы айтыс ақындарының шығармашылық мұрасына мазұмындық һәм көркемдік тұрғыда мол игі әсерін тигізді.

         Жырауға тән кең таныс, үлкен пафосты тілейтін жырларды Сүйінбай, Жамбыл, Құлмамбет, Досмағамбет, Сарбас, Бақтыбай, Әсет, Кемпірбай т.б. ақындардың айтысынан байқаймыз. Төкпелете жыр төгіп, ұзағынан толғау, сүре айтыстарда жиі кездеседі. Жыраулар поэзиясына тән бұл сипат ақындар айтысында да елдік, халықтық мақсат-мұраттар тұрғысында барынша жарқырай көрінеді. Публцистикаға тән ақпараттық-танымдық, насихатшылдық, ұлттық иделогия көріністерін сүре айтыстарында

 

молынан ұштастыруға болады. Мысалы, Сарбас пен Жамбыл айтысында, Сарбас ақынның мына бір толғамдары жыраулық дәстүр сарынын еске түсіреді:

                   «....Ерегіспе менімен –

                   Езіледі алқымың.

                   Ерегіссең менімен

                   Ісім түссін сенімен.

                   Тілімді алсаң қор болмай

                   Жүре бергін жолыңмен.

                   Енді не деп айтасың,

                   Алдырмаймын қайтесің?

                   Алатұғын жеріңді айт,

                   Ішіңдегі шеріңді айт,

                   Кешпейтұғын жөніңді айт,

                   Жеңе тұғын еліңді айт!

                   Ат жүздіріп келемін

                   Айдын шалқар көліме....» [1-223-224]

         Жыраулар шығармаларында кездесетін философиялық ой-толғам, насихатшылдық сарын элементтерін айтыс жырларынан молынан ұшыратуға болады. Мұның өзі қазақ сөз өнерінің рухани жақындығы мен дәстүр сабақтастығының үзілмес желісін көрсетеді.

         Ақтамберді жырау:

                   «Ағайының көп болса,

                   Ұлы шерік қолмен тең,

                   Білімді туған жақсылар

                   Аз да болса көппен тең.

                   Жақсысы кеткен ауылдың

                   Артынан жақсы шықпаса

                   Өртеніп кеткен жермен тең,

                   Қайырсыз болса жаман бай

                   Ел қонбаған шөлмен тең» [2-55]

         Омарқұл мен Тәбия айтысындағы Омарқұл ақын жырынан үзінді:

                   «... Онан соң бұл жалғанда әйел жетім,

                   Туысында теңін тауып қосылмаған.

                   Жас жетім жиырмада желіспесе,

                   Дүниені қорғасындай ерітпесе.

                   Құс жетім реттеліп салынбаса,

                   Ат жетім, өрен жүйрік шабылмаса,

                   Күйлейтін саятшысы келіспесе.

                   Бойынан ащы тері алынбаса.

                   Таусылған кірер үйі кәрі жетім,

                   Өзінің теңі тұстас табылмаса» [1-383]

         Ауыз әдебиетінің көрнекті тұлғаларының өмірі һәм шығармашылық мұрасына зер салар болсақ, оларға жыраулық, шешендік, айтыскерлік сияқты

 

сөз өнері түрлерінің қай-қайсысы да жат болмағандығын байқаймыз. Жыраулар поэзиясындағы халықты белгілі бір мақсат-мүддеге шақыратын, үгіттейтін насихатшылдық сарын айтыс жырларында да мол кездеседі.

         Жыраулық дәстүрдегі көрініс:

                   «...Ерге дәулет бітпесе,

                   Қызыл тілден не пайда?

                   Мал араға жүрмесе,

                   Құр айтқаннан не пайда?

                   Өзіңе еркіндік бермесе,

                   Азат бастан не пайда?

                   Өзге алып еліңді,

                   Билегеннен не пайда?» [3-65] сияқты мәселені салыстырмалы түрде айта отырып, халыққа байлық пен дәулет, азаттық пен еркіндік сияқты ұғымдардың қаншалықты қымбат екендігін ұғындырады. Әрі сол арқылы халық санасына осы киелі ұғымдарды ұстап тұру үшін не қажеттігін насихаттайды. Мұндай мысалдарды жыраулар поэзиясынан мол ұшыратуға болады. Мәселен, Ақтамберді жыраудың «Күлдір, күлдір кісінетіп, күреңді мінерме екенбіз» деп басталатын атақты толғауын елді асқақ мұрат, баянды бейбітшілікке шақыратын насихатшылдық рухы күшті шығарма деп бағалаймыз. ХІХ ғасыр еншісіндегі айтыс мұраларында да осы дәстүр жақсы сақталған. 1965 жылы жарық көрген «Айтыс» кітабының бірінші томына кіргізілген Нұралы мен Мықан ақындардың айтысы өзінің мазмұны мен көркемдік ерекшелігі тұрғысынан екшеп айтар айтыстың бірі. Бұл айтыс Шымкент шаһарында өтеді. Дулат пен Найман руларының намысын жыртып шыққан ақындар қыза-қыза келе елдік, әлеуметтік мәселелерге ойысады. Әрине, айтыстағы ру атына айтылған сын мен міннің қаншалықты маңызды екендігін қазіргі уақыт үрдісімен зерделейтін болсақ, бұл айтыстың құндылығын дәуір келбетін көрсетумен бағалы дер едік.

         Сонымен қатар, сол замандағы ел шаруашылығының қам-қарекетін танытатын жыр-жолдары насихаттық сарында жырланғанын байқаймыз.

         «...Өз еліңде тіршілік етпейсің бе?

         Диқаншылық айналсаң жақсы кәсіп,

         Бидай, қонақ, тары, арпа екпейсің бе?

         Еккеніңді орасың деген сөз бар,

         Дәнді дақыл тұқымын сеппейсің бе?

         Кәдуілгі жабайы күніңді ойлап,

         Астық пенен жемісті шөп дейсің бе?

         Қауын менен жүгері, өрік, алма,

         Өніп тұрса мол болып көп дейсің бе?...» [1-268]

         Айтыста келтірілген проблема немесе белгілі бір руға айтылған сын сол уақыттағы көкейкесті мәселелерден туындайды. Айтысушы ақындар тұтас халықты құрайтын белгілі ру-тайпа өкілдері. Сол дәуірдегі Үйсін, Дулат, Шапырашты, Қоңырат, Қыпшақ, Арғын,  Найман, Керей, Алшын, Адай сияқты іргелі рулардың айтыс ақындары өз елінің абырой,намысын көтере отырып, қарсылас ақынның руын сынап мінейді. Бұл ХІХ ғасырда өткен барлық айтысқа тән қасиет. Кеңес заманында бұл құбылысты рушылдық деп танысақ, қазіргі Тәуелсіз ел тарихы бұған басқаша сипат беруге мүдделі.

...