0 дауыс
15.9k көрілді
"Аққыз" повесінің толық немесе қысқа нұсқасы кереке?

2 жауап

0 дауыс
Осы жерден оқи аласыз

http://ru.calameo.com/books/002530169e062908f0a6d
0 дауыс

http://en.calameo.com/read/002530169e062908f0a6d

осы сілтемеден өтіп, кітаптың толық нұсқасын оқи аласыз.

Ал повестің қысқаша мазмұнын, не туралы екенін қысқаша былай айтуға болады: 

Апамыздың азан шақырып қойған аты – Мүгілсін. Жаратылысынан сұлу болған апамыз өсе келе елге танымал әнші, күйші болады. Жиын-тойлардың сәнін келтіріп, халқы оны Аққыз атап кеткен екен. Елі оны «Жезтаңдай әнші Аққыз», «Күйші Аққыз» деп жоғары ілтипатпен атайтын болған. Күй мұрасын зерттеуші, ұстаз, күйші-сазгер Уәли Бекеновтің деректеріне сүйенсек, Аққыз (Мүгілсін) Ахметова 1897 жылы қазіргі Жезқазған облысының Балқаш қаласына жақын Қоңырат өңірінің есалы деген жерінде дүниеге келген.

Аққыз 9 қыздың ішінде ерекше болып өседі. Әкесі де оны еркелетіп, еркін өсіреді. Әкесі өнерге жақын болғандықтан қызы да күйшілердің жанында жүріп, өнердің айналасында жүреді. Аққыз апамызды бойжеткен кезінде сырттай құдандаласып жүргендер көп болады. Ол кезде апамыздың елге танылып, ел ішінде айтулы әнші ретінде, елдегі ауыл күйшілерінің үйретуімен Тәттімбеттің «Саржайлау», «Қосбасар», «Сылқылдақ», Саймақтың «Сары өзен», Тоқаның «Жалғыз ішек», «Бел шешер» күйлерін және Арқаның тамылжыған сұлу әндерін орындап жүрген кезі болатын. Аққыз өз қалауынсыз қалыңмал беруші елге ұзатылып, Көпбай деген жігітке тұрмысқа шығады. Тұрмыс құрғаннан кейін Аққыздың өнерді ары қарай қууына мүмкіндік болмайды. Ата-анадан айырылып, жат елге кеткеннен кейін «Жетім қыз» күйін шығарады. Аққыз әже болғанда танымал домбырашы Әбікен Хасеновтен Тәттімбеттің «Бес төре» күйін үйренеді. Апамыз Ақтоғай өңірінде тұрған кезінде Мағауия Хамзин, Әпике Әбенова мен Жақсылық Омашевтарға ұстаздық етіп, Тәттімбеттің күйлерін үйретіп, оның мұраларын жалғастырған адам. Ал белгілі ғалым-зерттеуші Ақселеу Сейдімбектің деректеріне жүгінсек, Аққыз апамыздың жалғыз ұлы Тілеужан да күйшілік өнердің парқын түсініп, білетін жан болған.

А.Сейдімбектің еңбегіне сүйенсек, он жетінші жылғы төңкерістен кейін ұжымдастыру, тәркілеу сияқты саяси әлеуметтік шаралардың бір ұшы Аққыз апамыздың отбасына өз кесірін тигізеді. Сол кездің өзінде-ақ әйгілі «Зар Қосбасар» күйін шығарған Әбди Рысбекұлы 1931 жылы домбыра тартқаны үшін атылады. Осындай сұмдықты көрген апамыз домбыра көрсе шошынатын күйге түседі. Кейіннен атылғандар ақталған тұста апамыз да домбырасын қолына алып, өлгені қайта тірілгендей болады. Күйші апамыздың «Жетім қыздан» бөлек, «Қосбасар», «Қайран елім», «Мұңды қыз» деген күйлері ел арасында танымал болады.

Ұқсас сұрақтар

...