0 дауыс
416 көрілді
1. Капиталдың бірбөлігін айналымнан алып, тауар немесе ақшалай түрде, басқа бір елдің өндірістік процесімен айналымға кіруін айтамыз?

A) капиталды шетке шығару

B) бәсеке

C) монополия

D) төлем балансы

E) халықаралық еңбек бөлінісі

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Жауабы 

А) Капиталды шетке шығару

Капиталды шетке шығару – бұл жүйелі түрде пайда алу және басқадай экономикалық, саяси ұтыс мақсаттарында ақшалай немесе тауар түріндегі құндылықтардың шет елге ауысуы. Капиталдың шет елге ауысуын (капиталды шетке шығару) дегеніміз – бір елдің ұлттық айналымынан капиталдың бір бөлігін алып, оны қабылдаушы елдің өндірістік немесе айналым процесіне әр< түрлі формалар (ақшалай, тауарлы) арқылы ауыстыру процесін айтамыз. Бір елден екінші елге капитал ауысуы, ең алдымен, шығарушы елдің экономикалық дамуының сыртқы саудаға қарағанда өсу қарқыны жоғары болғанымен байланысты. Капитал экспортының қажеттігі дамыған елдерде капитал молдығыпайда болып, ол ұлттық экономикадағы пайда нормасының төмендеуі, оның массасының жоғарылауымен өтелмейтіндігіне байланысты болды. Капиталды шетке шығару мүмкіндігінің пайда болуы XIX ғасыр соңында бірқатар артта қалған елдердің дүниежүзілік шаруашылыққа тартылуына, олардың көбінде басты теміржол желілері салынып немесе салына бастауына, өдірістің дамуының қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етілуі мен жергілікті ақшалай қорлану қаржылары пайда болып, оны тауарлы өндірісті қарқынды дамуына қосылуға дайын болуына байланысты болды. Статистика мәліметтері бойынша, соғыстан кейінгі жылдары сыртқы сауда көлемдері тұрақты өсіп отырды, Бірақ көбінесе бұл өсім капитал ауысуымен байланысты болды, басқаша айтқанда капитал экспорты тауарды шет елге шығаруды ынталандырудың құралы болған. Бұл төмендегі жағдайлар негізінде жүргізіледі: - Капиталды шетке шығару тауарлы формада, мысалға машина, құрал – жабдық және т.б. түрде жүзеге асырылды; 

 - Капиталды шетке шығару – бұл несиелеуші елде тауарды стапы алу үшін несиелер беру; - Капиталды шетке шығару – трансұлттық кампаниялар шеңберінде ішкіфирмалық тауарлар ауысуы арқылы болды. Капиталды шетке шығару арқылы капиталисиік ұдайы өндірістің қалыпты әрекет етуінің күрделі мәселелері шешіліп, елдің тауарлы экспортының өсуіне әсер етеді. Осының нәтижесінде капитал экспорттаушы елде машина, құрал жабдыққа ішкі сұраныс өсіп, пайда нормасының төмендеу тенденциясы тоқтатылды. Назар аударатын тағы бір жағдай, қазіргі кезеңде егеменді елдер арасындағы каптитал ауысуы үшін барлық алғышарттар бар, ол халықаралық еңбек бөлінісі мен халықаралық өндірістің кооперациясымен күшейтілуде. 

 2. Капиталды шетке шығару. 

 Капиталды шетке шығару, қазіргі дүниежүзілік шаруащылық пен халықаралық, экономикалық қатынастардың маңызды нысаны. Капиталды шетке шығару тауар экспортының көп жылдық монополиясын бұзды. Капиталды шетке шығару халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде басым рөлге ие болуда. Экономикалық ынтымақ және даму ұйымының деректеріне қарасақ 80 – жылдары тікелей инвестициялардың орташа жылдық қарқыны 34% - ке жетіп,дүниежүзілік сауда қарқынынан 5 есе артық болған. Капиталды шетке шығару дегеніміз – капиталдың бір бөлігін ұлттық айналымнан шығарып тауар немесе ақшалай нысанда басқа бір елдің өндірістік процесі мен айналымына кіргізу. Ең алғаш капиталды шетке шығарумен өнеркәсібі дамыған елдер шұғылданды. Олар өз капиталдарын дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы бұл процестің шеңберін ұлғайта түсті, сөйтіп капиталды шетке шығару амыған елдермен қатар дамушы елдердің де тіршілігіне айналды. Бұл арада «Жаңа индустриалды елдердің» іс – әрекеттері екпінді. Капиталды шетке шығару – бұл жүйелі түрде пайда алу және басқадағыдай экономикалық, саяси ұтыс мақсаттарында ақшалай немесе тауар түріндегі құндылықтардың шет елге ауысуы. Бір жерден екінші елге капитал ауысуы, ең алдымен, шығарушы елдің экономикалық дамуының сыртқы саудаға қарағанда өсу қарқыны жоғары болғанымен байланысты.Капитал экспортының қажеттігі дамыған елдерде капитал «молдығы» пайда болып, ол ұлттық экономикадағы пайда нормасының төмендеуі, оның массасының жоғарылауымен өтелмейтіндігіне байланысты болды.

...