Әрине, достар. Каспий - ең үлкен көл болса, Байкал - ең терең көл ретінде тіркелген екен. Бұлардан да басқа теңіз деп аталатын көлдер, бар. Мысалға, Қазақстанда Арал теңізін айтуға болады (ол көл), Ақмола облысында Қорғалжында да Теңіз деп аталатын көл бар көрінеді.
Жалпы, не үшін бұлар теңіз емес? Теңіз атауына сай болуы үшін, бұлар мұхитпен байланысуы керек. Бұлар қанша үлкен, терең болғанымен, мұхитпен жер бетінде байланыспайды.
Бейресми деректер бойынша, Каспий жерасты сулары арқылы байланысуы мүмкін көрінеді. Жалпы, мұхитқа жол - елдің экономикасына көп әсер етеді. Ол арзан әрі тиімді транзиттік тасымалдау варианты.
Пікір білдіруге рұқсат еткендеріңізге рақмет. :)