0 дауыс
875 көрілді
1. Инфрақұрылымдық сукукты шығару

Қазақстан да исламдық қаржыландыруды дамыту жолында. Осыған байланысты исламдық қаржыландырудың құралы – сукук, мемлекетіміздің дамуына оң әсерін тигізеді. Сукук құралын көптеген мемлекеттер шығару арқылы елдерінің экономикалық әл – ауқатын жақсартуда. Бізде осы құралды инфрақұрылымды дамыту мақсатында қолдануды жөн санап отырмыз.

Сукуктың мақсаты қайтарымдылық және ақылы негізде жобаны қаржыландыруға инвестордың қаражатын тарту. Бір жағынан, инвесторларды қорғау және олар үшін салымдар бойынша алынатын пайданы қамтамасыз ету, екінші жағынан-шариғат талаптарын қанағаттандыру керек. Сукук шариғат қағидаларына үйлеспейтін жай облигация емес, ол ұстаушылардың құқықтарын нақты активке, мысалы, жылжымайтын мүлікке, жал түсімдеріне,сауда операцияларынан түсетін қаражат ағынын және т.б. құқықтарын құжаттайды

Инфрақұрылымдық сукук – бұл аймақтың, қаланың инфрақұрылымын дамыту, қайта қалпына келтіру, жөндеу үшін шығарылған жергілікті атқарушы органдардың бағалы қағаздары. Жергілікті атқарушы органдардың шығарған исламдық құрал жергілікті бюджеттің құрамына енгізілмейді және ішкі мемлекеттік борыштың өсуіне әкелмейді.

2012 жылы «Қазақстан даму банкі» (БРК) АҚ Қазақстанда алғаш рет 240 млн малазия ринггит сомасында «Сукук «аль-Мурабаха» исламдық облигацияны шығарып орналастырды.

Сукукты шығару 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда 116,4 млрд. долларға жетті. 2013 жылы 111,3 млрд. долларды құрады. Ал 2015 жылы шығарылым көлемі 100 млрд. долларға көбейеді деп күтілуде. Ұлттық банк басшыларының ойлары бойынша иламдық қаржыландыру Қазақстанда 5 жылға жоспарланған құрылыс салаларына қолдау көрсетеді.Сукук нарығының өсу қарқынын бәсеңдететін факторлрдың бірі - мұнай бағасының төмендеуі, бұл факторлар жалпы экономиканың өсуін тоқтатады және негізгі нарықтарда қаржыландыру қажеттіліктерін қысқартады

1 жауап

0 дауыс
Ақылы автобан салып, сол жолды пайдаланушылардан ақы алуға болады
...