0 дауыс
523 көрілді
Мақтанасыз ба?

Жалпы мақтану жақсы қасиеттің бірі деп ойлаймын.

Жетістікке жетсең, ауыз толтырып айтар жетістігің болса оны айтудың несі айып?

Сіз қалай ойлайсыз?

Дегенмен, мен өзім көп мақтанбаймын.))))

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Шындықты айтып болса да біреуді бетпе-бет мақтау оның пәлекетке ұшырауына себеп болуы мүмкін. Өйткені жақсы көретін адамды мақтаған кезде тым асырып жіберіп, өтірік араласып кетуі мүмкін. Ал жақтырмайтын адамды мақтау рия болуы мүмкін.

Кейде бір адамды мақтаған кезде мақталған адам қуанады, өз-өзін ұнатады, адамдар менен үлгі алсын деп көрсетіндіге түсуі мүмкін. Өзін басқа адамдардан үстем санауы мүмкін. Алайда өзін әлсіз, кемшілікті, күнәхар санайтын адам салих амал жасайды және харамдардан одан да қаттырақ сақтануға тырысады. Ал өзін басқалардан үстем санаған адам бүкіл құндылықтардан мақрұм қалады. Мақталған адам өзін бір жетістіктерге қол жеткіздім деп ойлайды. Бір адам Расулуллаһ алейһиссаламның жанында бір кісіні мақтайды. Сонда Пайғамбарымыз оған «Оның мойнын үздің, естісе құтыла алмайды» деді. (Бұхари, Мүслим)

Біреуді мақтау оның тәкәппарлануына себеп болуы мүмкін. Ал тәкәппарлық пен ужб (өз амалдарын ұнату) адамды құртады. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Дін бауырынан бір қажеттілікті сұрайтын кезде сөзді оны мақтаумен бастамаңдар. Бұлай істеген адам оның белін сындырған болады.» (Ибн Лал)

«Бір-бірлеріңді мақтаудан сақтаныңдар. Себебі мақтау – оны бауыздау деген сөз.» (Ибн Мажа)

«Адамды бетпе-бет тұрып мақтау – оны бауыздау деген сөз.»(И.Әбиддүнийа)

Бізді мақтаған адам бізге жақсылық жасаған болмайды. Біздің арқамызға пышақ қадаған болады. Осы себептен, мақтаған адамдардың сөздеріне мән бермеу керек. Екі хадис шәрифтің мағынасы:

«Мақтаушылардың бетіне топырақ шашыңдар!» (Мүслим, Тирмизи)

«Мақтаушылардың аузына топырақ тастаңдар.» (Ибн Хиббан)

(Топырақ шашу – оны төмен санау, сөздеріне мән бермеу деген сөз.)

Жақсы адамдарды мақтаудың өзі осыншама зиянға себеп болатын болса, онда пасықтарды, яғни ашықтан-ашық күнә істейтіндерді мақтау мүлдем дұрыс болмайды. Бір хадис шәрифтің мағынасы:

«Пасық адам мақталған кезде Аллаһу та’ала ашуланады.» (Ибн Әбиддүнийа, Бәйһақи)

Бізді мақтағандарға әсерлену де дұрыс емес. Адамдардың мақтауын да, жамандауын да бірдей қабылдайтындар – жақсы адамдар. Біреуді сын астына алған кезде ренжімесе, шындықтан таймаса, мақтаған кезде де қуанбаса, ол адам салих кісі деген сөз. Хазреті Омар оны мақтаған біреуге «Мені де, өзіңді де құртпақшысың ба?» деді. Бір ғалым да алдына келіп мақтай бастаған адамға: «Мені не себеппен мақтап жатырсың? Ашулы кезімде сынап көріп, менің басылғанымды көрдің бе? Менімен бірге сапар шегіп, жақсы адам екенімді түсіндің бе? Маған бір аманат беріп, мен қиянат етпей оны жақсы сақтағаныма куә болдың ба? Танымаған адамыңды қалай мақтайсың?» – деді.

Мақталуды ұнату – пәлекет. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Мақталуды жақсы көру адамды соқыр және керең қылады. Кемшіліктерді көрмейтін болады. Дұрыс сөздерді, айтылған насихаттарды естімейтін болып қалады.» (Дәйләми)

«Дін істеріне адамдардың сендерді мақтау қалауының араласуынан сақ болыңдар. Әйтпесе кейінгі амалдарың босқа кетеді.» (Дәйләми)

«Жәннаттың мәңгі ниғметтеріне қауышқысы келген адам мақталуды ұнатпасын.» (Дәйләми)

Адам өмірінде ең маңызды сәт өлім сәті. Яғни иманмен жан тапсыру маңызды. Ана дүниеге имандылар қатарында кете алуына кепілдігі болмаған адамды тірі кезінде мақтаудың қандай мәні бар? Сондықтан мақтаусүйерлік, өз-өзімізді мақтау, мақтағандарға, қошеметтегендерге жауап беру, танымаған адамдарды мақтау дұрыс емес. Аллаһу та’ала бізге имандай үлкен ниғметті нәсіп еткен. Мұнымен мақтануымызға болады. Алайда соңғы демімізге дейін бұл иманды сақтап қала алуымыз белгілі емес. Сондықтан әрдайым иманымыздан ажырап қалудан қорқып өмір сүру, харамдардан сақтану, дініміздің бүкіл әмірлерін орындау және Аллаһтың мейірімінен үміт үзбеу керек.

+1 дауыс
Мақтаншақ адам жаман тірлікке бара бермейді. "Мақтанып жүрген Пәленшең өйтіп қойыпты"-деп, ел ауызында жаман атым шығады деген оймен жамандық жасамайды. Ендеше ол кілең жақсылықтар ғана жасайды. Бастаған жақсы әрекеттерін жары жолда аяқтамай тастап кетпейді, соңғы нәтижеге жетіп аяқтайды. Тағыда: " мақтанып жүрген Пәленше бастағанын аяқтамапты" дегізбейді.
...