+1 дауыс
28.8k көрілді

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Иә, Қазақстан - зайырлы мемлекет! Себебі, мемлекет пен дін өзінше бөлек, автономды өмір сүреді, мектеп діннен ажыратылған. Мемлекеттің қарекеттері азаматтық заң нормаларымен реттелінеді де дін істеріне араласпайды. Ал діннің тіршілігі діни нормалармен реттелінеді, мемлекет жұмысына араласпайды. Адам, азамат қандай көзқарас, наным не сенім ұстанамын десе де өз еркі. Консти­туцияда көрсетілген ар мен ұждан бостандығы талаптары адамды сеніміне және көзқарасына байланысты қудалауға тиым салады. Яғни, дін заңмен қорғалады. Алайда дін нормалары мен тәжірибесі азаматтық заң нормаларына қайшы келмеуі керек. Дін саясатпен шұғылданбауы тиіс. Бір сөзбен айтқанда құрылымдары мен институттары Конституциямен баянды етілген мемлекет жұмысына дін ешбір кедергі келтірмеуі тиіс.
+1 дауыс
--- зайырлы, яғни дін мен мемлекеттің арасы ажыратылған;
Ол сөздің мағынасын сұрамадым.
Зайырлы мемлекеттер діннің үстемдігіне де, дінді  мансұқтауға да заң бойынша  жол бермейді. Дегенмен, зайырлы мемлекет пен атеистік мемлекеттің арасын  ажырата алмайтын жағдай  ТМД елдерінде, қазақстандық қоғамда да жиі кездеседі. Төркініміз — кеңес үкіметі ұлт десе ұлтшыл деп айыптауға дайын тұратын еді. Енді бүгін дін десе, әсіресе ислам діні туралы  сөз  бола қалса, ол дінді ұстанушыларға «экстремист», «террорист», «ваххабист»  дейтіндер көбейді. Шындығында мұндай анықтаманы тек сот бере алады.

Әлі де болса дінді жау көрмесе де, идеология саласында бәсекелес көреді. Жастардың көбірек  мешітке баратыны, болмаса ерекше киінсе осыдан бір зайырлы мемлекетке қауіп-қатерді жасырын іздеушілер бар. Жаңарған діни сананы елдің басын біріктіретін, мәдениетінің, дәстүрінің тірегіне айналдырудың орнына дін мен мемлекет, дін мен мәдениет арасына бөгет салуға, елді жікке бөлуге тырысу байқалады.  

Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметкерлер де өз қызметін тым кең мағынада түсініп, өз қызметтерінде өз құзыреттері шеңберінен асып жатады, мемлекеттік басқа органдардың қызметін алмастыруға тырысушылық байқалады. Қай салада да  барлығын бақылап, ашса алақанымда, жұмса жұдырығымда болсын деген ниет ойдағыдай нәтиже бермейтіндігі белгілі. Тізгіндеп, күнде «достық» әңгімеге шақыру адамды ашындырып өзіне өзі қол салуға дейін апарады. Экстремизммен күресті желеу етіп, азаматтардың жеке ісіне араласу да орын алуда.   

Кейде қылмыстық қақтығыстық астарына діни мән берушілік жиі кездеседі. Діннен ғана қауіп-қатердің себебін іздеу әлеуметтік басқа да себептерін іздеуді шектейді.   

Бұл, біріншіден, көрші славян елдерінің бұқаралық ақпарат құралдарының барлық пәлені мұсылмандардан көріп, оларды құбыжық етіп көрсетіп, өздерін ақтауға тырысушылығынан туып отыр.  Бұл  әсіресе Шешенстандағы соғыс кезінде жиі көрініс берді.  

Екіншіден, діншілдікті — «фанатизм», радикалдық іс-әрекеттермен байланыстыратын психология өз ішімізде әлі де көрініс алып отыр. Дін ата-бабаларымыздың құндылығының негізі дегенімізбен, әлі оның парқына бара алмай жүрміз. Орыс ақыны А. Вознесенский айтқандай, «мы некрещенные дети советской империи» деп, бүгінгі қазақтардың да кіндігін негізінен атеистер кескен, рухани тәрбие алмай, енді көп дүниені ой елегінен өткізудеміз.  Сондықтан да зайырлы мемлекеттің не екенін  біреу біліп, біреуі білмей  атеистік мемлекетке теңейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясында дін мемлекеттен бөлінген делінбеген.  «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының заңының 4-бабында «Діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген» — делінген.  Ал Конституция заңының бірінші бабында   Қазақстан «зайырлы» мемлекет деп жариялаған.

Демократиялық қоғамда дін міндетті мемлекеттік мәртебеге ие емес, бірақ оның өз орны бар. Конституциямыздың  5-бабында: «Қазақстан Республикасында идеологиялық  және саяси әр алуандылық танылады», — делінген. Дін тек идеология ғана емес, дегенмен, Конституцияның бұл тұжырымы дүниеге деген әр түрлі көзқарастың (идеологияның) заң алдында теңдігін, бірақ ешқайсысының анық міндетті еместігін көрсетеді. Конституцияның бұл бабынан экстремистік, радикалдық емес идеологиядан басқалар, діни де, атеистік те көзқарастар  мәдени өмірімізде, бұқаралық ақпарат, сондай-ақ азаматтардың қалауына байланысты меншік түріне қарамастан оқу орындарында уағыздалуы мүмкіндігін байқаймыз.   Әрине,  бүгін Конституция берген бұл мүмкіндікті толық пайдалана алмай отырмыз. Қазақстанда дінтану пәні факультативтік негізде немесе міндетті емес пән ретінде енгізіле бастады. Ал жоғары оқу орындарында тек Ақтөбе мемлекеттік педагогика институтында барлық мамандарға міндетті пән ретінде енгізілді.

Мемлекетімізде іштей атеизмнің әлі тұғыры берік. Сырттан таңылып жатқан пікірді қолдай жөнеліп, елімізде ислам тым асқынып бара жатыр, мешіттер тым көбейіп кетті, қалаларда діни рәміздер басым, бұл зайырлы  мемлекетке сәйкес емес деушілер кездеседі. Осылай мемлекетіміз клерикалданып немесе дінге бой ұсынып бара жатыр деп те айтушылар бар. Елін, рухани дәстүрін сыйлайтын зайырлы мемлекеттерде бұндай сөздерді ашық айтуға бармайды, оны әдепсіздікке санайды, ал  ол елдерде діни ғибадатханалар, ай мен крестер де баршылық.

Конституцияның 22-бабындағы «Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар», 14-бабындағы «дінге көзқарасына» байланысты «ешкімді кемсітуге болмайды» деген қағидаларына сәйкес мемлекет:

- азаматтардың дінге қатынасына, дін таңдауына, балаларының да дін таңдауына араласпайды;

- мемлекеттік органдардың жұмысын діни бірлестіктерге жүктемейді;

-  діни бірлестіктерді қаржыландырмайды;

-  діни бірлестіктердің жұмысына, егер ол заңға қайшы болмаса, араласпайды;

- әр түрлі  діндегі немесе дінге сенбейтін адамдардың, діни бірлестіктердің өзара сыйластықта, төзімділікте болуына ықпал етеді.

Ал діни бірлестіктер:

-  мемлекеттік биліктің қызметін атқармайды және мемлекеттік органдардың жұмысына араласпайды;

-  саяси партиялардың жұмысына қатыспайды, оларға қаржылай қолдау көрсетпейді;

-  мемлекеттің заңнама талаптары мен хұқық тәртібін сақтауға міндетті.
Осыған сәйкес мемлекетіміз "зайырлы" қағидасын есепке алады.
айбуу, сілтемесін жаза салмадын ба?
+1 дауыс
Зайырлы мемлекет, Өйткені көп ұлттар тұрады.....
...