0 дауыс
Мені алаңдататыны – медициналық сақтандыру қорының салымдары қалай және қайда сақталады?
08.11.2017 2.9k қаралым

1 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Қор активтерінің сақталуы:
1) Қор жұмысы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттер арқылы реттеледі;
2) Инвестициялық қызмет ҚР Ұлттық банкі арқылы жүзеге асырылады;
3) Қор активтерін инвестициялық басқару операцияларының бәрі ҚР Ұлттық банкінде тіркеледі;
4) Қордың өз қаражаты мен активтері бөлек есепке алынады;
5) Жыл сайын тәуелсіз аудит жүргізіледі;
6) Бухгалтерлік және қаржылық есеп туралы заңда қаралған тәртіп бойынша тұрақты түрде Қордың қаржылық есебі жасалады;
7) Қор активтері инвестицияланатын қаржы құралдарының тізімі шектеулі.
15.11.2017
үздік деді

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы