1 вариант
Қазақстан Республикасы
заңнамасын білу
1. Қазақстан Республикасында адам
құқықтары мен бостандықтарын танытатын құжат:
A) Халықаралық шарттар
B) Президент жарлығы
C) Қаулы
D) Конституция
E) Конституция және Президент өкімі
2. Саяси баспана беру мәселесін
шешетін орган:
A) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
B) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
C) Қазақстан Республикасының Үкіметі
D) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі
E) Қазақстан Республикасының Президенті
3. Конституциялық Кеңестiң
ұйымдастырылуы мен қызметi:
A) Үкімет қаулысымен реттеледi
B) Президент өкімімен реттеледi
C) Конституциялық заңмен реттеледi
D) Қарапайым заңмен реттеледi
E) Жарлықпен реттеледi
4. Қазақстан Республикасында орта
бiлiм алу:
A) әркімге мiндеттi емес
B) мiндеттi емес
C) мiндеттi
D) баланың таңдауы бойынша құқығы
E) ата-анасының қалауы бойынша құқығы
5. Қазақстан Республикасының
нормаларына ресми түсініктеме беретін орган:
A) Президент
B) Конституциялық Кеңес
C) Парламент
D) Жоғары Сот
E) Үкімет
6. Қазақстан Республикасында басқа
мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтары, дiни негiздегi
партияларының қызмет атқару мүмкіндігі:
A) олардың қызметі шектелмейді
B) олардың қызметіне жол берiлмейдi
C) заңмен көрсетілген жағдайларда
D) олардың қызметі қолдауға ие болады
E) олардың қызметі шектеледі
7. Қазақстан Республикасының
азаматының әлеуметтiк қамсыздандырылуына кепiлдiк берiлмеу негiзі:
A) науқастанған жағдайда
B) мүгедек болған жағдайда
C) қылмыстық жауаптылыққа тартылған жағдайда
D) асыраушысынан айрылған жағдайда
E) жасына келген жағдайда
8. Жалпы білім беретін оқу
бағдарламаларының түрлеріне:
A) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жатпайды
B) жалпы орта білім беру жатпайды
C) бастауыш білім беру жатпайды
D) жоғары білім беру жатпайды
E) негізгі орта білім беру жатпайды
9. Әр деңгейдегі білім беруді
жүзеге асыратын нысандар:
A) сырттай оқу және экстернат
B) күндізгі және сырттай оқу
C) күндізгі, кешкі және экстернат
D) күндізгі, кешкі және сырттай оқу
E) күндізгі, кешкі, сырттай оқу және
экстернат
10. Педагог қызметкер
аттестаттаудан өтуге:
A) екі жылда кемінде бір рет міндетті
B) төрт жылда кемінде бір рет міндетті
C) үш жылда кемінде бір рет міндетті
D) бір жылда кемінде бір рет міндетті
E) бес жылда кемінде бір рет міндетті
11. Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың түрлері:
A) кәсіби білім беру орындары
B) мектеп, гимназия, лицей, бейіндік
мектеп
C) техникум, лицей
D) колледж және гимназия
E) тек қана бейіндік мектептер
12. Бастауыш білім берудің жалпы
білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі:
A) үш жыл
B) екі жыл
C) алты жыл
D) бес жыл
E) төрт жыл
13. Мемлекеттің Қазақстан
Республикасы дарынды азаматтарының қажетті білім алуына жасалатын жағдай:
A) жоғары оқу орнынан кейінгі білім
B) орта білімнен кейінгі білім
C) конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік білім
D) тегін мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім
E) элиталық білім, оның ішінде шетелде
14. Бюджет қаражаты есебінен
қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны
есептеу ережесін бекітетін орган:
A) Еңбек саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жергілікті өкілді орган
B) Еңбек саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жергілікті атқарушы
орган
C) Еңбек саласындағы орталық уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік
білім беру ұйымының басшылығы
D) Еңбек саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша білім беру саласындағы
уәкілетті орган
E) Еңбек саласындағы орталық уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігі
15. Балаға қатысты алимент,
көмекақы және басқа да әлеуметтік төлемдерді алып, баланы асырауға, оған білім
беруге және тәрбиелеуге жұмсауға міндетті тұлғалар:
A) Жергілікті өкілді орган
B) Ата-аналары немесе оларды ауыстыратын
адамдар
C) Халықты әлеуметтік қамсыздандыру органдары
D) Мектеп, бала-бақша әкімшілігі
E) Жергілікті атқару органдары
16. Жалпы үлгiдегi жалпы білiм
беретiн мектеп-интернатқа:
A) 6 жастан бастап 18 жасқа дейiнгi жетiм балалар қабылданады
B) 5 жастан бастап 18 жасқа дейiнгi жетiм балалар қабылданады
C) 5 жастан бастап 16 жасқа дейiнгi жетiм балалар қабылданады
D) 4 жастан бастап 18 жасқа дейiнгi жетiм балалар қабылданады
E) 6 жастан бастап 16 жасқа дейiнгi жетiм балалар қабылданады
17. Баланы ата-анасынан немесе
басқа заңды өкілінен ажырату туралы шешім қабылдайтын орган:
A) Кәмелетке толмағандар істері бойынша инспекция
B) Жергілікті атқару органы
C) Бала құқықтарын қамтамасыз етумен айналысатын қоғамдық бірлестіктер
D) Сот органдары
E) Ішкі істер органдары
18. Еңбек шартының жасалуына жол
берілмейтін жағдай:
A) Азаматтығы жоқ адамдармен еңбек шарттары
B) Қазақстан Республикасының халықаралық актілерімен көзделген жағдайларда
шетел азаматтарымен еңбек шарттары
C) Дәрігерлік қорытынды негізінде денсаулығының жағдайы бойынша атқаруына
қайшылық бар жұмыстарды орындаумен байланысты
D) Қызметке алынатын адамның қосымша біліктілік алуы қажет болғанда
E) Қоғамдық жұмыстарды ақылы орындауға еңбек шарты
19. Қызметкердің еңбек қызметі
туралы мәліметтерді қамтитын құжат:
A) кез-келген диплом
B) еңбек кітапшасы
C) паспорт
D) туу туралы куәлік
E) жеке басының куәлігі
20. Жұмыс жылын құрайтын мерзім:
A) қызметкердің бірінші жұмыс күнінен
бастап есептелген он екі ай
B) еңбек шартында белгіленген мерзім
C) қызметкердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген он ай
D) жұмыс берушінің белгілеген мерзім
E) қызметкердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген он бір ай
Қазақстан Республикасы заңнамасын
білу
1. Қазақстан Республикасы
Президентінің өкілеттілігінің аяқталу жағдайы:
A) Жаңа Үкімет құрамы тағайындалғанда
B) Жаңадан сайланған Республика
Президенті өз қызметіне кіріскенде
C) Саяси партияға мүшеліктен шыққанда
D) Қоғамдық бірлестіктің немесе қозғалыстың ресми уәкілі ретінде
тағайындалғанда
E) Республика Парламенті таратылғанда
2. Кәмелетке толған еңбекке
қабiлеттi балаларға қамқорлық жасауға мiндеттi тұлғалар:
A) зейнетақы алмайтын ата-анасына
B) ата-анасына
C) еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін ата-анасына
D) зейнеткер ата-анасына
E) еңбекке жарамсыз ата-анасына
3 Қазақстан Республикасында қазақ
тiлiнің мәртебесі:
A) ресми тіл
B) мемлекеттiк тiл
C) қоғамдық келісім тілі
D) ұлтаралық келісім тілі
E) ұлтаралық қатынас тілі
4. Қазақстан Республикасында сот
төрелiгiн:
A) Президент және сот жүзеге асырады
B) Тек сот қана жүзеге асырады
C) Прокуратура және сот жүзеге асырады
D) Парламент және сот жүзеге асырады
E) Конституциялық Кеңес жүзеге асырады
5. Жергілікті мемлекеттік
басқаруды жүзеге асыратын органдар:
A) Жергілікті прокуратура органдары
B) Білім беру департаменті
C) Жергілікті заң шығару органдары
D) Жергілікті өкілді және атқару
органдары
E) Облыстық, қалалық ішкі істер органдары
6. Әр Палата депутаттары жалпы
санының көпшілік дауысымен енгізілетін Конституциядағы өзгертулермен
толықтырулар:
A) Төрттен екісінің көпшілік даусымен
B) Елу пайызымен
C) Төрттен үшінің көпшілік даусымен
D) Жартысымен
E) Бестен төрті көпшілік даусымен
7. Еңбек заңнамасына сәйкес сынақ
мерзімі:
A) бір айға дейін белгіленеді
B) төрт айға дейін белгіленеді
C) үш айға дейін белгіленеді
D) бес айға дейін белгіленеді
E) алты айға дейін белгіленеді
8. «Болашақ» халықаралық
стипендиясын беруге арналған «Үміткерлерді іріктеу ережелерін» бекітетін
мемлекеттік орган:
A) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
B) Қазақстан Республикасы Президенті
C) Қазақстан Республикасы Парламенті
D) Қазақстан Республикасы Үкіметі
E) Облыстық білім беру департаменттері
9. Білім беру ұйымдарының
қызметкерлеріне қосымша ақы және басқа да төлемдер:
A) дәптерді, жазу жұмыстарын тексергені үшін берілмейді
B) оқу кабинеттеріне меңгерушілік еткені үшін берілмейді
C) сынып жетекшілігі үшін берілмейді
D) кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны
үшін берілмейді
E) ауылдық жерде жұмыс істегені үшін берілмейді
10. Білім беру және оларды жүзеге
асыру мен оқыту және тәрбиелеуді жүзеге асырушылар:
A) Ұйымдастырушы қызметкерлер
B) Ағартушы қызметкерлер
C) Тәрбиелеуші қызметкерлер
D) Ғылыми қызметкерлер
E) Педагог қызметкерлер
11. Негізгі орта білім берудің
және жалпы орта білім берудің жаратылыстану-ғылыми, физика-математикалық
бейіндері бойынша жалпы білім беретін оқу орны:
A) лицей
B) училище
C) гимназия
D) жалпы білім беретін мектеп
E) институт
12. Әскери мамандықтар бойынша
кәсіптік оқу бағдарламаларын бекітетін орган:
A) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және Қазақстан Республикасының
басқа да әскерлері мен әскери құрамалары
B) Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлігі
C) Әскери мамандықтар бойынша кадрлар дайындауды жүзеге асыратын білім беру
мекемелерінің әкімшілігі
D) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің комитеттері
E) Қазақстан Республикасы Үкіметі
13. Білім беру ұйымы педагог
қызметкерінің атқаратын қызметіне қатысты құқықтарының бірі:
A) Өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми
деңгейін ұдайы арттыру
B) Оқушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналарының абыройы мен
қадір-қасиетін құрметтеу
C) Педагог әдеп нормаларын сақтау
D) Өзінің кәсіптік құзыреті саласындағы тиісті теориялық және практикалық
білімді және оқыту дағдыларын меңгеру
E) Білім беру ұйымдарын басқарудың
алқалы органдарының жұмысына қатысу
14. Азаматтық пен патриотизмге, өз
Отанына сүйіспеншілікке және мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық
дәстүрлерін қастерлеуге, Конститутцияға қайшы және қоғамға жат кез келген
көріністерге төзбеуге тәрбиелеу:
A) Білім беруді ұйымдастыру болып табылады
B) Білім беру қызметі болып табылады
C) Білім беру жүйесінің міндеті болып
табылады
D) Білім беру мазмұнын құрайды
E) Білім беру жүйесінің негізгі құқықтары болып табылады
15. Балаға білім беру кезеңінде
берілетін әлеуметтік көмек мөлшері мен қайнар көзін анықтайтын орган:
A) Қазақстан Республикасының Президенті
B) Қазақстан Республикасының Үкіметі
C) Қазақстан Республикасының Парламенті
D) Жергілікті өкілді органдар
E) Орталық атқару органы
16. Педагог қызметкердің құқығы:
A) өзінің кәсіптік ар-намысы мен
қажыр-қасиетінің қорғалуына
B) педагогтік әдеп нормаларын сақтауға
C) оқушылар мен тәрбиеленушілердің абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге
D) өзінің кәсіптік шеберлігін ұдайы жетілдіріп отыруға
E) мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттары талаптарына сәйкес білім беру
сапасын қамтамасыз етуге
17. Мемлекеттік көмек алуға құқылы балаға берілетін көмектің мөлшері және оны
көрсетудің шарты мен тәртібін белгіленетін құжат:
A) Үкімет қаулысы
B) Президент өкілі
C) Қазақстан Республикасының заңдары
D) Жарлық
E) Халықаралық шарт
18. Жасалған еңбек шарты негізінде шығарылған жұмыс берушінің актісі:
A) Жұмысқа қабылдауды рәсімдеу болып табылады
B) Жазбаша нысанда жасау болып табылады
C) Жұмыскерді еңбек шартымен таныстыру болып табылады
D) Жұмыскерді ішкі еңбек тәртібімен
таныстыру болып табылады
E) Еңбек құжаттарын растау болып табылады
19. Жұмыскер өз бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуға ниет білдіргенде қанша
уақыт бұрын жұмыс берушіні жазбаша ескертуге тиісті уақыт:
A) Он күннен кем емес уақыт бұрын
B) Екі аптадан кем емес уақыт бұрын
C) Алты айдан кем емес уақыт бұрын
D) Үш күннен кем емес уақыт бұрын
E) Бір айдан кем емес уақыт бұрын
20. Әрбір тәртіп бұзушылығы үшін
жұмыскерге қолданылатын тәртіп шарасы:
A) еңбек тәртібін бұзған адамның бастығының еркіне қарай бірнеше
B) істеген әрекетінің маңыздылығына қарай екі немесе одан да көп
C) бір
D) олардың саны заңда реттелмеген
E) бірнеше