Алтын күрек әлемі, сүт пісірім уақыт, көз байланған кез, сөздеріне сөйлем құрау керек?

+1 дауыс
3.6k қаралым
Алтын күрек әлемі, таң сәріде, ел орынға отырғанда, сүт пісірім уақыт, көз байланған кез, ала көлеңкеде бесінде, сөздеріне сөилем  құрау керек
• Санаты: Қазақ тілі | 3.6k қаралым

2 жауап

0 дауыс
Сөздердің лексикалық мағыналары:

Алтын күрек – оңтүстіктен үзбей соғып,қыстың соңғы қарын күрт ерітетін жылы жел.Ал алтын күрек әлемі деген – сол желдің әлемі,мекені болса керек.

Таңсәрі – жерге жарық түсе бастаған кез.

Ел орынға отырған кез – кешкі мезгіл.

Сүт пісірім – халықтық өлшем, ширек сағат шамасы,шамамен 15 минут.

Көз байланған кез – кешкілік ымырт.

Ала көлеңке – қырғыз тілінде көктемнің ерте кезін айтады.

Бесін – түс ауып,күн ұясына отырғанға дейінгі уақыт, мезгіл.
Қазақ халқы ертеден мезгілдердің,уақытты,шаманы қазіргідей сағат уақытымен немесе тағы да басқаша атамаған.Олар мезгілді белгілі бір құбылысқа теңеген.Өздерінің шаруашылығына, тұрмыс-тіршілігіне,көрген,білгендерімен байланыстырып атаған.

Мысалы,**алтын күрек,таң сәріде,бесінде,ел орынға отырғанда,көз байланған кез,ала көлеңкеде,сүт пісірім уақыт,ат шаптыры жер және тағы да басқа.Олардың өзіндік мағыналары бар.Қазақта желдің түрлерін әрқалай атаған.Алтын күрек **сондай жел атауының бірі, яғни,қыстың соңғы қарын ерітетен,оңтүстіктен соғатын жел.Ал сүт пісірім уақыт сағат тілімен он бес минутты білдіреді екен.Осындай қарапайым уақытты білдіретінін сөз тіркестерінің өзінен дана халқымыздың гуманистік ойларын,шешендігін байқаймыз.
0 дауыс
Алтын күрек әлемі:

«Көктем келіп, алтын күрек әлемі тіршілікті оятып, қардың көбесін сөге бастады.»(Түсініктеме: "Алтын күрек" әдетте қыс аяғындағы қарды ерітетін жылы желді білдіреді).

Таң сәріде:

«Атасы таң сәріде тұрып, малдарын өріске айдап жіберді.»

Ел орынға отырғанда:

«Жолаушылар ауылға ел орынға отырғанда, яғни түн ортасы ауа әрең жетті.»

Сүт пісірім уақыт:

«Досымды күткенім соншалық, арада сүт пісірім уақыт өткендей ғана болды.»

Көз байланған кез:

«Көз байланған кезде даладағы заттар анық көрінбей, айнала қарауыта бастады.»

Ала көлеңкеде:

«Біз күннің ыстығынан қорғанып, бақшадағы ала көлеңкеде отырып шай іштік.»

Бесінде:

«Күн бесінде төбеден түсіп тұрғандықтан, жұмысшылар үзіліс жасауға шешім қабылдады.»

Ұқсас сұрақтар

127,937 сұрақ
322,815 жауап
153,169 пікір
72,931 қолданушы