0 дауыс
1.2k көрілді
Бұрынғы замандағы билердің билік қылуыында "жәһід" сөзі қолданылады екен.

1 жауап

0 дауыс

Жиһад (

араб.: الجهاد

— сөзбе-сөз:ықыластану,ұмтылу) —Исламда тиянақты құрылған теологиялық концепцияЖиһад» сөзі араб тілінде белгілі бір нәтижеге, мақсатқа жету үшін яки бір істі істеу үшін бар қажыр-қайратың мен ынта-жігеріңді төгу, тырысу, күресу деген сияқты мағыналарды білдіреді.


«Жиһад» ұғымының аясы өте ауқымды. Бүгінгі таңда теріс бағыттағы ақпарат салдарынан көптеген адамдар жиһадты қару алып соғысу деп біржақты түсінеді. Әрине, мұндай түсінік жиһадтың мағынасын шектейді. Құранда «жиһад» сөзі 35 жерде өткенімен төрт жерде ғана тікелей соғыс мағынасында келген. Құранда соғыс ұғымы «харб», «мухарабә», «мағрака», «қитал» терминдерімен білдірілген. Бірақ, жиһад сөзі соғысты да қамтығандықтан, көпшілік жиһад делінген кезде тікелей соғысты түсінеді.


«Жиһад» – адамның Алла Тағаланы тануына кедергі келтіретін барлық тосқауылдарды жою. Жаратушы мен адамның арасындағы бөгеттерге сауатсыздық, әлеуметтік жағдайдың төмендігі, ерік-ойға, санаға жасалған шектеулер жатады. Ендеше, «Жиһад» деп осы бөгеттерді жою үшін жасалатын барлық іс-шара, күреске айтылмақ.


Алла ризалығы үшін істелген әрбір іс-қарекет «жиһад» саналады. Қандай да болсын қиын жағдайларға қарамастан күн сайын үздіксіз бес уақыт намаз оқу, кейде аптап ми қайнатар ыстықта ораза ұстау, Алла Тағаланы өзге жандарға түсіндіру үшін істелген әрбір іс, қоғамдағы

кейбір керітартпа келеңсіздіктерді [1] түзету үшін атқарылған үлкенді-кішілі барлық шара исламдағы жиһад ұғымының аясына кіреді.


Ары қарай :http://muslim.kz/kk/article/60-jihad-degen-ne.html

...