Адам баласы табиғатында темірдей төзімді, гүлдей нəзік. Қапелімде айтылған бір ауыз сөзбен кісіні ренжіту де, қуанту да онай. Сөз қуаты шексіз. Не бір сөз асылын айтпағанның өзінде, күнделікті қатынаста жүрген этикет сөздердің қолданылуында қаншама қыр-сыр жатыр. Сөйлеу этикетін əдетпен қолданып, мүмкіндігін аша білсек, ізгілікке нұсқап, ізеттілікке бастайтын жақсы жақтарын жетілдіре берсек адамдар арасындағы ынтымақтыққа ұйытқы болады. Жас ұрпақты адамгершілікке баулып, гуманизм рухында тəрбиелеуге септігі тиетіні сөзсіз