+1 дауыс
183k көрілді

Төлегеннің, Бекежанның, Қыз Жібектің типтік бейнесін айтып жібересіздер ме?

Қазақ халқына кеңінен танымал  көркем жырлардың бірі — «Қыз Жібек» жыры. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, дүниеге көзқарасын, ұғымын білдіретін әңгеме.

«Қыз Жібек» жыры, әңгімесі қазақ хылқының сол кездегі көшпелі салтын білдіреді, сондай салт, сондай дәстүр орнаған қоғамда туып-өскен адамның көзқарасы қандай екенін көрсетеді. Ескі көшпелі өмірдің сұлу табысы деп бағалауға сай жырлардың бірі- «Қыз Жібек» екені даусыз.

Жырдың  халық арасына кең тараған да, аз тараған да нұсқалары бар. Бірақ барлық нұсқалары мен версияларына ортақ бір сюжеттің бары анық. Жырдың қысқаша әңгімесі мынадай. Ертерек заманда Жағалбайлы деген елдің Базарбай деген байы болады. Оның  Төлеген, Сансызбай  атты екі ұлы болады. Базарбай асқан байлығымен танымал болса да екі ұлына қыз айттырмайды, есейгенде қылыңдықты өздері табады деп ойлайды. Төлеген ер жетіп, жігіт болған соң маңайдағы елден өзіне лайық қыз іздеуді бастайды.

Ешқандай  сұлу ұнамай жүрген кезде, сондай бір алыс елде Қыз Жібек деген сұлу бар екенін естиді. Қыздың салтанаты мен келбетінің асқан сұлу екендігін және ол да өзіне лайық жігіт таппай жүргендігін естіп, жүз жылқы айдап, қыздың елін іздеп кетеді. Арада  көп уақыт өтеді, сұлу қызы бар деген елдерге сый-сыйапат жасап, даңқын шығарып жүреді.

Аяғында Қыз Жібектің ағасы, ақылшысы болып жүрген Қаршыға деген адамға кез болады. Қаршыға Төлегенді көшінің соңынан ертіп, қарындасын көрсетпекші болады. Көш бойынан талай сұлуды көреді. Жібек қыздардың ішінде болмайды, ол көштің алдында, ақ күйменің ішінде, ешкімге көрінбей жеке кетіп барады екен. Қуып жеткен Төлегенге Жібек жүзін көрсетеді де, Төлеген – күйеу, Жібек  -қалыңдық болып, біраз уақыт бірге болады.

9 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Қыз Жібек ақылына көркі сай, атына заты сай қыз. Сонымен қатар ол инабатты әрі ибалы тәрбиелі қазақтың қарапайым қызы. Қыз жібек негізінен өте ақылды, сабырлы,тереңінен ойлайтын жан Төлеген батыр ,жүрекжұтқан қайсар бала. Қыз жібекті іздеп кетуге бара жатқан кезде әкесінің тілін алмай, теріс бата алды. (Сонда бұнан төлегеннің өз дегенімен жүретінін байқауымызға болады.) Әкесінің тілін алмағаннан кейін төлеген қыз жібектің еліне бара жатқан кезде ол қаза табады.

Бекежан - сұм, қатыгез қаскөй адам. Төлегенді өлтірген соның адамдары. Оның мақсаты Төлегенмен Қыз Жібекті бірге қоспай, Жібекпен өзі қосылғысы келді.

+1 дауыс
Толеген Қыз жібек Беке
0 дауыс

Қыз жібек ақылына көркі сай, атына заты сай қыз.Сонымен қатар ол инабатты әрі ибалы тәрбиелі қазақтың қарапайым қызы. Қыз жібек негізінен өте ақылды, сабырлы, тереңінен ойлайтын жан Төлеген батыр, жүрекжұтқан қайсар бала. Қыз жібекті іздеп кетуге бара жатқан кезде әкесінің тілін алмай, теріс бата алды. (Сонда бұнан төлегеннің өз дегенімен жүретінін байқауымызға болады.) Әкесінің тілін алмағаннан кейін төлеген қыз жібектің еліне бара жатқан кезде ол қаза табады.

Бекежан - сұм, қатыгез қаскөй адам. Төлегенді өлтірген соның адамдары. Оның мақсаты төлегенмен қыз жібекті бірге қоспай, жібекпен өзі қосылғысы келді.

0 дауыс
Кыз жибе сұлу толеген сымбатты бекежан ақымек
0 дауыс
Кыз жибек адеми  корикти сулу  махаббатка оте адал.
Толеген батыл  ержурек намысшыл .
Бекежан катигез акымак  сужурек  коркак .
0 дауыс
Төлеген намысшыл батыл ержүрек
0 дауыс
Қыз Жібек-ақылына көркі сай,мейірімді,өз елінің тыныштығын ойлайтын жан,инабатты.

Төлеген-адал,ержүрек,сертіне берік,батыр,батыл,нағыз ер.

Бекежан-батыр,қызғаншақ,мақсатына жету үшін досын құрбан ететін жан,сұм,қатыгез.
Қаршыға-мейірімді,ақкөңіл,ер,батыр,батыл,сертшіл
0 дауыс
Қыз Жібек ақылына көркі сай, атына заты сай қыз. Сонымен қатар ол инабатты әрі ибалы тәрбиелі қазақтың қарапайым қызы. Қыз жібек негізінен өте ақылды, сабырлы,тереңінен ойлайтын жан Төлеген батыр ,жүрекжұтқан қайсар бала. Қыз жібекті іздеп кетуге бара жатқан кезде әкесінің тілін алмай, теріс бата алды. (Сонда бұнан төлегеннің өз дегенімен жүретінін байқауымызға болады.) Әкесінің тілін алмағаннан кейін төлеген қыз жібектің еліне бара жатқан кезде ол қаза табады.
0 дауыс
Қыз-Жібек ақылына көркі сай, ай десе аущы, күн десе көзі бар нақ сұлудың өзі, қазақтың сұлу қарапайым қызы.
Бекежан-Бекежан қарақшы емес қазақтың қатардағы қос батырының бірі. Бекежан қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күресіп,  өзінің елін қорғап жүрген қаһарман.
Төлеген батыр, жүрекжұтқан қайсар бала. Қыз жібекті іздеп кетуге бара жатқан кезде әкесінің тілін алмай, теріс бата алды. (Сонда бұнан төлегеннің өз дегенімен жүретінін байқауымызға болады.) Әкесінің тілін алмағаннан кейін төлеген қыз жібектің еліне бара жатқан кезде ол қаза табады.
...