+2 дауыс
45.1k көрілді
Қазіргі таңда қазақ салт-дәстүрлері неге дұрыс орындалмай жүр? Және олардың орындалмауына кім(дер) себепші?

7 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
"Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар"  деген сөз бар емес пе?! Қазақ халқы сан ғасырлық тарихында көптеген оқиғаларды бастан кешірді, бір елдің дәстүрінің элементтері бізге, біздің дәстүрдің элементтері басқа бір елге енген болар. Меніңше, қазақ халқының басты салт-дәстүрлері орындалып жүр, қалғаны заманға сай келмеуі мүмкін. Бірақ оларды қайта, зманға сай етіп жаңалау сіздің де қолыңызда болуы мүмкін. Көргенін жасайтын халықпыз, себебі, бір-бірінен көріп, салт дәстүрдің жаңадан мүлдем бұрын болмаған түрлері де пайда болып жатыр. Оған не дейсіз? Жалпы алғанда, сұрағыңыздың жөні бар, бірақ бұл жер пікірталас өткізетін жер емес, нақты сұрақ пен нақты жауаптың ортасы!
+1 дауыс
Мысалы, өзің бірінші толығырақ осы-осы салт дұрыс орындалмай  жүр деп жазып шықсаң?
Мысалға мынадай:
Жаңа түскен келін көп жерде қайынінілері мен қайынсіңілілерінің аттарын айтады екен.
Орамал тақпай жұргендерді де көрдім.
Беташарда келіннің аяғының астына жүн төсемейді.
Қай облысты айтасың?
Оның бәрің жас кезінде үйретпеген ата-аналары немесе орысшаланып кеткен келін болуы мүмкін.
орысшаланып емес, мысалы біздің атырауда ондай жоқ келін қайын інісін немесе қайын сінілісін ат қою деген,бірақ маңғыстау  жақта  бар ондай салт,оған ата -ана кіналі емес, ар қалада салт әртүрлі  болып келеді...
Айымгулмен келісемін. Маңғыстауда салт-дәстүр сақталған(өзім маңғыстаулықпын). Мысалға: Біздің жақта келіндер таңертең тұрғанда өзінен үлкендерге сәлем береді. Осындай салт басқа қай облыста сақталған?.....(жалпысұрақ)
+4 дауыс
Жерлес екенбіз, біздің Қазақтардың әр жерінде дәстүрлері әр түрлі сақталып келген, Алматы мен Маңғыстаудың дәстүрлерін салыстырсаң 1 ұқсастық таба алмасйыың!!!
+1 дауыс
Өз дәстүріңді сүю өз ұлтыңды сүю. Бізде ұлтжандылық азайып бара жатыр, басты фактор осы болса керек!
+1 дауыс
Бәлкім қазіргі заман талабына сай болмағаны  ұмытала береді.
+1 дауыс
Біріншіден айтқым келетін жағдай, менің ойымша салт-дәстүрлердің орындалмауы білместіктен, яғни сол дәстүрлердің не үшін жасалатыны, қандай оймен жасау керектігін туралы мағлұматтардың жетіспеушілігінен деп ойлаймын. Өзім көргенде бір қарағанға бос әурешілік сияқты көрінген еді, бірақ сұрай келе түсінгендіктен қазақтардың ерте кезден бастап ойлау қабылетінің өте терең екеніне және дана халық екеніне таң қалдым, және тағыда қазақ екеніме қуандым. Ұлтшылдықты, тек қазақша сөйлесейік деп дауыс көтере бергенше, қазақтардың керемет салт-дәстүрлері мен терең тарихи даналығын әсем түрде көрсете білсек, бойында қазақ қаны бар жастардың өздері ақ ойланары сөзсіз деп ойлаймын. Қазір ата-әжелерімізден, ата-аналарымыздан естуі керек мәліметтердің дұрыс жетпеуінен біз неге қазақтың салт дәстүрлерін ұмытуымыз керек. Интернет деген нәрсені дұрыс қолданып, неге осындай мәселелерді шешуге атсалыспасқа!
Иа, қазіргі жастардың ойлау қабілеті мүлде басқа. Адам өткен тарихын оқу арқылы, салт пен дәстүрлерді білу, орындау арқылы тәрбие алады емес пе?!
0 дауыс
Біз заман ағымы қалай бұрса солай жүрген дұрыс. Бірақ, өз салт-дәстүрімізді, тілімізді, ұлтымызды ұмытпауымыз қажет.
Қазақ халқы ең маңызды салт-дәстүрлерін орындауда. Кейбір отбасылар ешқандай салт-дәстүрді орындамайды, біз оған көз жұмып қалмауымыз қажет. Біз қазақ ұлты болғандықтан өз салт дәстүрімізді ұмытпай, орындайық.
...