+4 дауыс
7.7k көрілді

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Келін көңілі (салт).      
Келін көңілі (салт). «... қазақтардың санасында жас ананың көңілін көтеру деген салт та бар» (Т.Тілеубекұлы). «Бір аяғым көрде, бір аяғым жерде» деп көңілі күпті жүретін екіқабат әйелдің қас-қабағына қарау, оның көңілін орта түсірмей, аялап ұстау. Қазақ ұлтының қашаннан бергі қалыптасқан қасиетті қағидасы. Әр отбасы, әр адам «күмәнді» келіннің көңіл-күйінің көтеріңкі болуыүшін қызмет етеді. Ол үшін ауыл – аймақ  жастары мен келіндері «келін көңілі» деген кеш ұйымдастырады. Мал сойылады, ақ бауырсақ пісіріледі, сары қымыз сапырылады. Әнші, күйші қыз – жігіттер жиналады. Әзіл – қалжың, ойын – күлкінің оты дуылдай түседі. Кешке жиналғандардың бәрі екіқабат әйелдің көңілін табу үшін өнері мен қызметін аянбай жұмсайды. Мұны көрген келін де жадырап, көңіліне үлкен сенім ұялайды, денсаулығы да берік болады.

«Келін көңілін» тек келін ғана емес, оның жанындағыларыға игі әсер етеді. Үлкен – кішілер де жақсы ән, сөз тыңдап бір жасап қалады. Кешті ұйымдастырғандарға қарт әже, аяулы ана, еміренген ене кәдесін, жол-жораларын ұсынып, ақ батасын береді. Аталған дәстүрлі салт халық мәдениеті мен өнерінің бір көрінісі.


  Босаға майлау (салт, ырым).      
Босаға майлау (салт, ырым). – Жастар жеке отау құрғанда немесе біреу жаңа үй алғанда жақын – жуықтары келіп, жаңа үйдің босағасына май жағады, көптің үйі болсын деген ұғымды білдіреді. Босаға майлаған адамға кәде берілуі керек


  Қыз алар (дәстүр).      

Қыз алар (дәстүр). «Мырза ағаның қыз аларын беріңдер, деп бір жеңгесі күле қарады» (А.Тоқмағамбето).

Ойын – тойда, мерекеде енді үйленетін жігітке әдейі тартылатын сыбағалы табақты «қыз алар» деп ырым етіп таратады. Сыбаға тартқан әйелге кәде беріледі. Бұл дәстүр еліміздің оңтүстік жағында кездеседі, орталық, солтүстік облыстарында жоқ десе де болады.
http://www.atazholy.kz/index.php?option=com_content&view=category&layout=blog&id=44&Itemid=59 осы жерді біразы бар бірақ суреті жоқ екен.
+3 дауыс
суреті жок! бірақ барлық салтын білем!!!
+3 дауыс
Менде балық салтын білем қазақта мынандай өлең қалған еді ғой естеріңізде ма? Салт-Дәстүр жайлы:

1. Бүгінгі ел ішінде

Дәстүрді жалғастырған

Татулық белгісі ме

Жағалай малдас құрған

 

          Қайырмасы:

 

Ей менің асқар тауым

Қазақы дастарқаным

Өзінсің бақ берекем

Ақ қайнар бастауларым. ( 2 рет қайталау)
+1 дауыс
Ей,Димаш,қазақытың жезде-қайны әзілдесу салты бар,суретін қалай салып берейін саған,ә?:D
0 дауыс

Міне осыларды қара

...