0 дауыс
481 көрілді
"Нұрлы жер" бағдарламасы туралы толығырақ білгім келеді?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

«НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ


Талаптар


Бағдарламаға қатысу үшін өтініш беруші-қатысушыда, соның ішінде жергілікті атқару органдарының кезегінде тұрушыда қолданыстағы тұрғын үй құрылыс жинақ шарты болуы керек немесе ашуы қажет!


«Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша:


Жергілікті атқару органдары (бұдан әрі – ЖАО) арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру кезінде, таза әрлеудегі тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны:


• Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында 180 мың теңгеге дейін (инженерлік желілер құны қосылмаған);


• Қалған өңірлерде (инженерлік желілер құны қосылмаған) 140 мың теңге.



Екінші деңгейлі банктерге уағдалы салымдарды орналастыру арқылы тұрғын үй, соның ішінде кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыруда, таза әрлеудегі тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны:


• Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында 200 мың теңгеге дейін;


• Қалған өңірлерде 180 мың теңгеге дейін.



Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кепілдігімен халықаралық қаржы институттарының қаржысын тарту есебінен тұрғын үй, соның ішінде кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыруда, таза әрлеудегі 1 шаршы метріне құрылыстың және тұрғын үйді, соның ішінде кредиттік тұрғын үйді өткізудің бағалық параметрлері жобаның табыстылығына және қарыз қаражатының қайтарымдылығына сүйене отырып анықталады.


ЖАО арқылы кредиттік тұрғын үйге өтініш берушілерге қойылатын талаптар:


1) Қазақстан Республикасы азаматтығы немесе оралман мәртебесі;


2) ҚТҚЖБ ішкі құжаттарымен қарастырылған тәртіпте төлем қабілеттілігін растау;


3) Қазақстан Республикасы аумағында өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің тұрғын үйінің жоқтығы.


4) Өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйді иеліктен шығару немесе тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлатуы фактілерінің болмауы;



«Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту» бағыты бойынша тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны 120 мың теңгеден аспауы тиіс (инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (бұдан әрі – ИКИ) құны ескерілмеген). Салынған үйді өткізу кезінде ИКИ шығындары жалпы құнға қосылады.


Өтінім берушілерге қойылатын талаптар:

1) жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін алуға ЖАО кезегінде тұруы.


«Жекеменшік құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру» бағыты бойынша тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны:


• Астана, Алматы қалаларында және олардың төңірегіндегі аймақта 260 мың теңгеге дейін;


• Қалған қалаларда 220 мың теңгеге дейін.


Жеке құрылыс салушылар салынған үйлердің кемінде 50%-ын ҚТҚЖБ салымшыларына ұсынады. ҚТҚЖБ салымшыларына тұрғын үйді өткізу талаптары ҚТҚЖБ ішкі құжаттарымен, сондай-ақ ҚТҚЖБ және құрылыс салушылар арасындағы ынтымақтастық туралы келісіммен анықталады.



«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қатысуымен «Бұрын қабылданған мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар аясында тұрғын үй құрылысы бағыттарын іске асыру» бағыты бойынша: "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламада және Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасында қарастырылған тұрғын үй құрылысының келесі бағыттарын іске асыру аяқталады:


1) ЖАО есебінде тұрған кезектегілер және жас отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй;


2) "Бәйтерек девелопмент" АҚ және ЖАО кредиттік тұрғын үйі


https://www.hcsbk.kz/kk/the-program-of-development-of-regions/details-about-the-program/

...