0 дауыс
Спинннер ол не? Кейбір адамдар бос уақытында спиннер айналдырады екен.
20.08.2017 484 қаралым

1 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Спиннер – саусаққа арналған мини-жаттығу құралы. Оны іске қосу үшін екі саусақпен ортасынан ұстап, сыртқы бөлігін айналдырамыз. Спиннер бір рет бағыттап жіберсеңіз, екі минутқа дейін тоқтаусыз айнала алады. Ойыншықты осыдан 24 жыл бұрын Кэтрин Хэттингер есімді химик ойлап тапты. Қазір өндірушілер мен сатушылар «антистресс-ойыншық» деп жұртты қызықтырып, жар салып жарнамалауда. Психологтардыңпікірінше, ойыншық ешқандай стрестен құтқармайды, мәселені шешпейді. Балалар оны қалай қолдану керектігін белмейді, білген күнде де ересектер секілді шыр айналдыра алмайды. Керісінше сабақ оқуына кедергі келтіреді. Ол – уақытты өлтіруші.Сол себепті оның орнына кубик-рубик, басқатырғыш, құрастырғыш берген тиімді. 

21.08.2017
үздік деді

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы