0 дауыс
1.0k көрілді
Қазақ тілі латын əліппесіне көшуіне сіздің көзқарасаңыз?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
ҚАЗАҚҚА БАСЫНДА НОҚАТЫ, АЯҒЫНДА ҚҰЙРЫҒЫ, ЖАЛПЫ ДӘЙЕКШЕСІ БАР ТҮРІКТІҢ, ӨЗБЕКТІҢ, ӘЗІРБАЙЖАННЫҢ, НЕМІСТІҢ, ТІПТІ ҚАРАҚАЛПАҚТЫҢ ЛАТЫН ӘЛІПБИІ КЕЛМЕЙДІ. ТЕК АҒЫЛШЫНДІКІ ҒАНА КЕЛЕДІ. Неге? Жауап төменде...

Негізі ноқаты болмақ түгілі мүйізі болса да адам бәрін түсіне береді, ең қиын иероглифті де қолданып жүр ғой. Әңгіме адамның түсіну, түсінбеуінде емес. Екі тіл болады: коммуникативтік (адамдар арасындағы) және programming language (программалардың software тілі).

Енді қызықты қара, Екінші дүниежүзілік соғыстан соң, индустриясы мен техникасы қатты дамыған, 2 ел болды: бірі - Жапония, екіншісі - Германия. Бұлар темір-терсекті, яғни hardware жағын қатты дамытты да, программа, software жағынан ақсап қалды. Неге? Өйткені жапон мен немістің тілі programming language-ге келмей қалды, оған себеп жапондардікі - иероглиф, немістердікі - өзің айтқан үмлөйд деген кедергі болды (u деген әрпі бар басында 2 ноқатымен).

Неге қазір әлемде Google, Facebook, Oracle сияқты программамен күн көріп отырған ағылшын тілді елдің компаниялары қаншама зауыты бар Sony, Mercedes сияқты жапон-неміс компаниялардан капиталы асып кетті? Өйткені қазіргі заманда темір-терсек (қаңқасы) емес, программа (миы) қымбат тұрады, яғни кім латын әліпбиінің ешқандай ноқатсыз, дәйекшесіз ең аз деген 26 әрпіне өзінің коммуникативтік тілін енгізе алады, сол ағылшын тіліне бәсекелес болып, бүкіл әлемнің программалық тілін түсінетін коммуникативтік тіл жасай алады. Оған қазір түріктің де, немістің де қауқары жетпейді, бұлар мың жерінен компьютер, сотка шығарса да, миы ағылшындарда, америкалықтарда болғандықтан, солардың капиталы арта береді.

Латын әліпбиін қабылдау деген 5-6 филологтың жиналып алып, саған мына әріп ұнай ма, ана әріп қалай немесе мына елдің a әрпін, ана елдің o әрпін алайық деген әңгіме емес. Бұның стратегиялық маңызы өте зор, латын әліпбиінің техникалық, экономикалық, идеологиялық, тарихи жағынан қазаққа қандай пайдасы болатынын зерттеп барып, түркі елдері мен неміс-француздардың қателігін қайталамайтындай нұсқаны таңдауымыз керек. Осы тақырыпты 10 жылдан бері зерттеп, тек филологиялық жағынан бөлек те әңгіме айтатын ғалымды кездестірмедім. Бәрі сол әріптердің орнын ауыстырумен ғана айналысып жүр. Оның орнын ауыстырып, бір күнде көше салу мәселе емес, ертең осы латын әліпбиі біздің экономикалық әлеуетіміз бен мәңгүрттік психологиямызға, техникалық болашағымызға қалай әсер етеді, әңгіме сонда болып тұр.
(с)
Nurlan Janai
0 дауыс
...