Көптеген танымал кітап пен тамаша туындылардың авторы Эрнест Хемингуэйден біреу «кез келген тақырыпта ең қысқа әңгіме жаза аласың ба?» деп сұрайды. Эрнест толғана келіп, былай деп жазған екен: «Балаларға арналған аяқ киім сатылады. Киілмеген» («For sale: baby shoes, never worn»). Эрнесттің бұл бастамасы өзге жазушылардың ойына қозғау салады. Көптеген жазушы 6 сөзден тұратын әңгімелер жазып, түрлі эксперименттер жасап көреді. Назарларыңызға ең қысқа әрі ең үздік әңгімелер топтамасын ұсынғалы отырмыз. Аудармасы тура түпнұсқадай болмаса да, мағынасын бұзбай, мәнін жоғалтпай беруге тырыстық. 1. «Бейтаныс жандар. Достар. Ең жақын достар. Көңілдестер. Бейтаныс жандар». 2. «Сіз нөмірден жаңылыстыңыз», - деді бір таныс дауыс». 3. «Жолаушылар, сіздерге хабарлап тұрған капитан емес». 4. «Маған анам қырынуды үйретті». 5. «Мен өзім үшін жаралған адамды жолықтырдым. Ал, ол жоқ...». 6. «Менің көлеңкем жаңа ғана маған ымдағандай болды». 7. «Парашют сатылады: ешқашан ашылмаған, аздаған дақтары бар». 8. «Бұл біздің алтын тойымыз. Бір кісілік үстел дайындаңызшы». 9. «Бүгін мен тағы да анамның жанында болғансыдым». 10. «Саяхатшы тағы да дыбыс берді. Жер – жоқ». 11. «Мен үйге раушан гүлдерін алып келдім. Алайда кілттерді таба алмадым». 12. «Суық желден сынған әйнекте «Жас жұбайлар» деген жазу болды». 13. «Біздің жатын бөлме. Екі адамның дауысы. Мен есікті қақтым». 14. «Үлкен адам болсам деп қиялдадым. Есейдім. Қиялымды жоғалтып алдым». 15. «Мен секірдім. Содан кейін ойландым». 16. «Кешір, жауынгер, біз бәтіңкенің екінші сыңарын да сатамыз». 17. «Ол өз әйелінің баскесерін бөтелкемен тамақтандырады». 18. «Хирург емделушіні құтқарады. Емделуші Құдайға шүкіршілік айтады».
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/audarma/20534/