0 дауыс
9.2k көрілді
Бауыржан Момышұлы туралы қандай қызықты деректер бар?

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Момышұлы мақалдары

Өмірінің қатесін ешкім де өз аузынан айтып бермейді.

Бір адамның өмірі мың адамға сабақ.

Ойланбаған орға жығылады.

Қайрат қамал. бұзады.

Ер шекіспей бекіспейді, есер шетінеспей кетіспейді.

Бүгінгі батырды қадірлеу – ертеңгі ұрпақтың ұранын ардақтау.

Үлкенді – ізетте, кішіні – күзетке.

Айдандана шапқаннан ажал да сескенеді.

Қол көтерген дұшпаннан гөрі қорамсаққа қолы жетпей өлген жауды сыйлау керек

Қар ерігенмен, Қаратау ерімейді.

Ер өледі, ел қалады.

Есімі ел жүрегінде сақталған ер ғана бақытты.

Ақылдың артықтығы, кеңестің көптігі жоқ.

Ақша өз өңешімді тығындау үшін ғана жиналмайды.

Елін сыйлаған ер жұтамайды.

Ара-тұра дүниеден тарықпаған адам дүниенің қадірін білмейді.

Жара жаралыны қинайды.

Әркім жеткен жеріне дейін барады, жеткен жерінде қалады.

Арыстан боп қимылсыз жатқаннан тышқан болып жорғалап жүрген артық.

Ауру болсаң, әкімдіктен не пайда?

Бір жаралыға жәрдем беріп, оны аман алып қалған жауынгер – он ұл тапқан анадан артық.

Сөз шындығы – қайратты қару.

Армия – менің екінші анам.

Ананың әлдиін білмеген ұл болмайды. Уставты білмеген солдат болмайды.

Сұңқарлар қанаттас самғайды, тұлпарлар қабырғалас зымырайды.

Елін сүйген жауынгер ер болады.

Жігерсіз сөз жүрекке жетпейді.

Басқа жазушылар қағазға жазса, біз жауынгерлердің жүрегіне жазамыз. Басқалар сиямен жазса, біз қанымызбен жазамыз.

Тәртіп – жауынгердің бірінші қаруы.

Командирдің бұйрығы – бағыныштыларға заң.

Командир – әскери педагог.

Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам опасыз, оңбаған адам.

Жауға деген өшпенділік пен Отанға деген сүйіспеншілікті (...)* әр командирдің жүрегіне ектім.

Ардақты ананы қадірлеймін. Ары бар азаматты ардақтаймын. Талабы бар жасты құрметтеймін. Маңғазсынған ағаны ұнатпаймын. Көзге мақтап көлгірситін ініні жек көремін.

Шын дос сыртыңнан мақтайды.

Әркімге бір өлім хақ.

Сын айту үшін - шын айту керек. Билік айту үшін - біліп айту керек.

Білмей айқан билік - былшыл.

Оқиғаны ой болжайды.

Ой ырғағын сөз жеткізеді.

Саналы ер сөзсіз санасыз салмақтайды.

Жығылсаң - арпалыса жығыл, құласаң - нардан құла.

Ерлік - елдің қасисеті. Жүректілік - жігіттің қасиеті.

Ерсіз ел болмайды. Жүрексіз жігіт болмайды.

Соғыс – адамзат өмірінің ең ұлы трагедиясы.

Соғыс –адам өмірін қинайтын ең ауыр, ең ащы азап.

Соғыс – тірілердің тамұғы.

Әйелді қорлаған еркекті өмір өкінішсіз жібермейді.

Әйел – өмірдің анасы, ал асыл перзент анасын ешкімге қорлатпайды.

Әйел – киелі халық, оның киесі өзін қорлаған еркекті бір атпай кетпейді.

Құдай мені мінез жағынан сыйымсыз ғып жаратқан. Әйелдеріме мен сондықтан сыймадым. Ал сыйған әйелім менің маңдайыма сыймады.

Адамды бұзатын – атақ, ақша, арақ. Төртіншісі әйел демеймін. Алғашқы үшеуінің буына бөртіп, әйелдерді біз – еркектер бұзамыз.

Комплиментті қатындар ғана жақсы көреді.

Сайқал ғана бетіңе қарап қылмыңдайды.

Әйелдің сайқалы бірді ғана арбайды, әдебиет сайқалының мыңға зияны тиеді.

 

Бауыржан Момышұлы жайлы ел аузындағы әңгімелер

Б.Момышұлы Калинин қаласында тұрғанда жатын бөлмесінің кішігірім терезедей форточкасы болған. Ол қысты күнгі аяздарда оны ашып тастап ұйықтайды екен. Бір күні сол суық бөлмеге жауынгер серіктерінің бірі кіріп, «Мынау қазақ жататын орын емес, қасқыр жататын жер ғой» деп екінші бөлмеге қарай қаша жөнеліпті.  

 

Момышұлы Кубаға барған кезде ел ішінде жолаушы жүрген Кубаның Қарулы күштер министрі Рауль Кастро оған сәлем айтып: «Кубаны өз үйіндей көріп, мен барғанша жайғасып жата берсін» дейді. Бауыржан «Кубаны өз үйімдей көрермін, бірақ қонақ екенімді де ешқашан естен шығармаспын» деп жауап қайтарады.  Рауль Кастро министрлікке қайтып келіп, Момышұлын кабинетінде қабылдайды. Сонда Бауыржан министрдің анада айтқан «өз үйіндей көрсін» деген сәлеміне орай, пиджагін шешіп, орындықтың иығына іліп, галстугін алып, көйлегінің түймелерін ағытып, асықпастан министр нұсқаған орындыққа отырады. Бар сән-салтанатымен киініп отырған министр Бауыржанның бұл қылығын ұнатпай, біраз үнсіз отырады да:

   - Куба жерінде қалай тұрып жатырсыз, полковник? – деп сұрайды. Сонда Бауыржан:

  - Мен Куба жерінде өз үйімдегідей тұрып жатырмын, бірақ қонақ екенімді ешқашан ұмытқан жоқпын. Біздің қазақ жұртында: «Қонақ аз отырып, көп сынайды» деген мақал бар, - деп жауап береді.

 - Өз үйіңдей көр деген өзің ғой, мен өз үйімдей көрсем, сен оны қалай көрер екенсің? – деп министрді сынайды. 

0 дауыс
Міне мына сілтемеден табазыздар

https://kk.wikipedia.org/wiki/Бауыржан_Момышұлы
0 дауыс
Бауыржан атамыз Жуалыда туылғанымен Шымкентте өскен,балалық шағы ОҚО, Шымкент қаласында  оқып, мықты, сапалы білім алып, тәрбиеленіп өскен. Мен оны жақсы білем, руымыз да бір, менің ең жақын Атам (бауырым), шыққан түбіміз Түлкібастық Шымырлармыз !.
+3 дауыс


Елдік  пен  ерліктің киесіндей,  батырлық  пен  батылдықтың  иесіндей, асылдық  пен  жасындықтың  үлгісіндей  аты  аңызға  айналған  баһадүр  батыр  Бауыржан Момышұлы –тау тұлға.    Ол кісінің  өмір  жолы, сұрапыл  соғыс  жылдарындағы  жанқиярлық  ерлігі, өжеттігі  мен  өрлігі, алғырлығы  мен  көрегендігі – біле білгенге  ұлы  тәрбие, үлкен  өнеге  мектебі.                                                       Батыр  Бауыржан Момышұлы  – алмас  қылыштай  өткір де  қайсар, дана да данышпан, шешен  әрі  ақын, «сөз  қадірін  өз  қадірі, өз  қадірі  ел  қадірі»  деп бағалаған  айбынды  азамат.                                                         Осынау  дара  тұлғаның  бүкіл  саналы  ғұмыры, ғибратқа  толы  істері, жүріс-тұрысы, сөйлеген  сөздері, терең  мағыналы  ойлары  әркімнің  көкейінде.                               Б.Момышұлы – адамгершіліктің, азаматтықтың, патриоттықтың, имандылықтың  символы, көркем  бейнесі  іспетті.  Батыр атамыз  Б.Момышұлы жеке  басы  ойшылдығымен, отаншылдығымен, ұлтжандылығымен, қаһармандылығымен,  дарындылығымен,  жоғары  адамгершілік  қасиеттерімен  елеулі. Баукең – әлем   халқының  ортақ  перзенті  дәрежесіне  дейін  көтерілген  азамат.

Бауыржан   Момышұлы –  соғысты   өз  көзімен  көрген  жазушы.  Ол – суреткер. Батыр  Бауыржанның  айтар  ойы, жазар  тақырыбы – соғыс  шындығы. Ол  өз   шығармасының кейіпкері, өзінің  образдарымен  тұтасып  кеткен  тұлға. Барлық  оқиғалардың  бел  ортасында  өзі  болғандықтан  автор  әнгімені  өз  атынан  айтады. Ол сырт  бақылаушы  емес, белсенді  қатысушы.

Қазақтың  Бауыржан   Момышұлындай  ұлы  перзентін  таныстырып  жату  артық. Ел оның ерлігін, жазған кітаптарын  біледі.  Оның  мірдің  оғындай  қанатты  сөздері  де  халықтың  аузында  жүр.  Сөйтсе  де  сол  сөздерді  жүйелеп  беріп, жинақтаса, ол  жаңа  бір  сипатқа  еніп,  халқымыздың  батыр  ұлының  абыздық  қырын  аша түседі.

Соғыста  207 рет  шабуылға  шығып, бірнеше  рет  жараланып  тірі  қалғаны,  өмір  бойы  ешкімге бас  имей  тек  өз  ар-намысының  ғана  құлы  болғаны, халқының  қамын  ойлап,  болашағы  үшін  күресіп  өткені, өмірдегі  өзі  арқалаған  ауыр  жүгін, қоғам  алдындағы  өз парызын  терең  түсінгені – осының  бәрі  Баукең  шығарған қанатты  сөздердің  қайнар  бұлағы.  Баукеңнің  нақыл  сөздеріне  айналған, оның  басынан кешкен жайттары  ғана емес, өмірден  көріп  білгені, көкірек-көңіліне  түйгені, жүрегіне  ұялағаны, қоғамға, болашаққа  деген ой-пікірлері.

Ал бұл ойларды жинақтап, мақал – мәтел  деңгейіне  дейін көтеріп, болашаққа  өсиет  ретінде  жазып  қалдыру – тек  Бауыржан  Момышұлы  сияқты талантты  тұлғаның  ғана  қолынан  келетін іс.

Батырдың  өсиет  сөздерінің  көбі  Ұлы Отан  соғысы  кезінде орыс  тілінде жазылған, себебі бүкіл  Совет  Армиясының  командирлеріне  арналған.  Қазіргі  уақытта  бұл  өсиеттер  екі  тілде де қолданысқа  ие. Батырдың  артына қалдырған  өсиет  сөздерін топтай келе, тақырып  жағынан  ауқымы  кең екендігіне  көз  жеткізуге болады «Елім» деп  еңірген ер ұлт, Отан, өмір, батылдық, тіл тағдыры, еңбек, оқу-білім т.б. тақырыптарда өзінің дара, дана ойын  жеткізуге тырысқан. Осы  өсиет  сөздерінің  ішінде  көбірек  қалам  тербегені қолбасшылық, сардарлық, әскери  борыш  жайында  жазылған  афоризмдері  екен.

Батырдың  өзі , сегіз қырлы  бір  сырлы «ел  деп  еңіреген  ер»  болғандықтан, бар  білгенін,  бар тәжірибесін  өсиет  ретінде  артына  қалдырған.  Бұл  өсиеттердің  зор  құндылығы  жан  тебірентетін  білгірлікте. Батыр тек  қана  еуропалық  және  ресейлік  әскери  ғылыммен, әскери  өнерге  сүйенбейді,  өз ата-бабаларымыздың  жауынгерілк  дәстүрлеріне арқа  тірейді. «Білек  бірді  жығады, ақыл-айла  мыңды  жығады»,  «Ер намысы – ел  намысы», «Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді » секілді  аталарымыздың  ұшқыр  сөздерін  Бауыржан  Момышұлы  орынды  пайдаланған. Сондықтан батырдың  өсиеттері  қазақ  жауынгерлеріне  өте  жақын, ойларына  азық, бойларына  қуат  беріп  тұрады..

Қанатты  сөздер  жайдан-жай  тумайды  және  оны  айтып  қалдыру  кім болса соның  қолынан  келе бермейді. Ол  үшін  ғұлама, терең ойшыл, үлкен  философ, ақынжанды  және өз  басы  күнделікті  күйкілжің  өмірден  жоғары  тұратын  ірі  тұлға  болуы  керек. Бәукең, міне, сондай  адам. Ол кісінің  нақылдары  сан  алуан  тақырыпқа  арналған: соғыс  және  бейбіт өмір, тәртіп пен  тәрбие, парыз бен қарыз, тіл мен әдебиет, салт пен  дәстүр, тағы  сол  сияқты  болып  жалғаса  береді.  «Намысты  нанға сатпа»,  «Ердің  туы – намыс». «Тізе бүгіп тірі  жүргеннен,     тіке  тұрып  өлген  артық»,  «Ұшқынсыз  от тұтанбас», «Өзін  сыйламаған  басқаны  сыйлауға  қабілетсіз»,  «Тәртіпке  бағынған  құл  болмайды, тәртіпсіз ел  болмайды», «Тіл тазалығы  үшін  күрес  ешқашан  толастамақ емес»  т.б.  сөздері  жастың  да, кәрінің  де  санасында  жатталған  ұлағатты  сөздер.

Қазақтың  сүт  бетіндей  қаймағы  бар,    

Өзіндік  парасатты  байламы  бар     

Баукеңнің  ерліктері  өз  алдына      

Елге  айтқан  әр  сөзінің  айғағы  бар

Батыр,  батыл, кемеңгер, кемел бабам,                                                         

Болмайды ешқашан  да  төмен  бағаң                                                           

Талай  жыл, талай  ғасыр өтсе – дағы                                                            

Ерлігіңді  ұмытпас  келер  қоғам.

Баукеңнің  даңқы, рухы  өзіне  керек  емес, ол  бізге,  ұлтымызға, келер  ұрпағымызға  керек. Баукеңнің  даңқымен, рухымен, дана  өсиет  сөздерімен  тәрбиеленген  ұрпақ  осал  ұрпақ  болмайтыны  айдан  анық.

Маңдайдағы  наркескеннің  өзісің    

Ерлігіңмен,  өрлігіңмен  ірісің,            

Халқыңменен  біргесің  сен, жан ата

Ұмытылмайды  өнегелі  ұлы  ісің

Қорыта  айтқанда,  Бауыржандай  алыбымызды  ардақтай  білейік,  ұлтымызға  ұран  болған  ұлы  тұлғамызды  ұлықтай  білейік.  Тек  қана  қара  дүрсін  сөзбен  емес, Бәукеңнің  атын  дәріптейтін  игі  істермен,  тиянақты  тірліктермен  дәлелдеуге  тырысайық.   
http://massaget.kz/blogs/7789/
...