Денсаулық, Әдемілік | 1.9k қаралды
1.9k қаралды
Көк шай ма, әлде қара шайма, әлде басқа ма қайсысы қаншалықты пайдалы.
Қандай шай ішесіз? Қандай шай сарайыңызды ашады?

![description][1]


  [1]:

8 жауап

http://www.info-tses.kz:  Көк шайдың пайдасы
Оның пайдасы мол. Көк шай адамды семіртпейді, несеп бөлу мен жүрек бұлшық еттерінің қызметін күшейтеді, қан қысымын төмендетеді, адам жанын сергітіп сейілтеді. Көк шай жан мен тәнді жадырататын дәрумендерге бай.
Ол жүрек тамыр ауруларына, әсіресе, қан тасу мен атеросклероз сырқатын емдеуге шипа. Адамдардың ерте қартаюына, әжімнің ерте түсуіне ағзада дәрумендер мен микроэлементтердің аздығы басты себеп екендігі белгілі. Ал көк шай құрамындағы поливитаминді бұл жағдайда ынталандырушы құрал ретінде емдік, профилактикалық мақсаттарда сәтті қолдануға мүмкіндік мол. Тұнба құрамында алколоидтер мен дәрумендер болғандықтан, оның алкогольге  қарсы күші де бар. Қытай, Жапон елдерінде көк шай жоғары бағаға ие.
Американдық зерттеушілер көк шайдың адам терісінің өліп бара жатқан клеткаларын тірілтетінін анықтады. Көк шайдың құрамына кіретін полифенал ДНҚ-ның өзгеруіне, рак ауруына ұшырататын радикалдармен күресуге бейімді болып шықты.
Сонымен қатар полифеналдың сау жасушаларды қорғап, ісікті жоятын қасиеті бар. Болашақта ғалымдар көк шайдан диабет пен тері ауруларын емдейтін дәрі алмақшы. Таңертең ащы кофе ішуге үйренгенсіз бе? Оның жүрек пен бауырға зиянды екенін білесіз бе?
Егер оны шипалы сусынға ауыстырғыңыз келсе, көк шайды таңдаңыз. Көк шайға бір бөлік лимон мен шай қасық бал қоссаңыз, адамға мол күш-қуат беретін сусынның дайын болғаны. Көк шай жүйке жүйесін тынықтырады. Ал кейбіреулер оны салмақ тастау үшін де ішеді.

http://malimetter.org/?p=942-мына жерде тағы біраз мәлімет бар.

Өз басым, көк шайды да, қара шайды да қолданамын. Көк шайды көбіне жазғы уақытта қолданамын. Өйткені, салқындатып қойғанда шөлді тез басады. Алайда, сүт қатқан қою шайға ешнәрсе жетпейді ғой. Өзіміздің менталитетімізге сіңіп қалған ба?! Қою, сүтті шайды ішпесек аңсап тұрамыз)))
Жақсы Жауап
Белгісіз
Көк шай пайдалы шығар, қолданатыным көбінесе қара шай.
Өзім соңғы 3-4 жылдан бері көк шай ішемін, әрі оны ыстықтай емес салқындатып ішемін. Өзіме ұнайды,сергектік силайтын сияқты.
Көк шайды көп ішпейміз. Күнделікті қара шай ішеміз. Көк шайдың пайдасы көп. Бірақ көп ішсең қан қысымыңды төмендетіп жібереді.
Одан да дене мүшелеріне неге фито шайлар ішпейсіз? Мысалы мен өттің шайын ішемін. Ас дұрыс қорытылмайд.
жалбыз ішкенді ұнатамын, алайда оны көп пайдалана бермеймін өзім де. Ал қара шайдың құрамында темір друмендері көп, сондақтан тамақпен бірге ішкенде жеген тамағымыздың құрамындағы көптеген дәрумендерді сіңіріп алады. Негізі қандай шай болса да тамақтан ішіп болған сон, 20-25 минуттан кейін ішу керек екен ғой, бірақ ыстықтап келіп ыстық шай ішетін халықпыз ғой)))))
мен көк шай да кара шайда ишпим. кайнаган суга сүт кұйып ішем. негізі сол дурыс
Мен қара шәйға сүт құйып ішемін.Бірақ көк шайдың пайдасы мол деп естимін
119,047 сұрақ
307,270 жауап
153,316 пікір
68,883 қолданушы