Дәрі-дәрмек | 1.3k қаралды
1.3k қаралды
Ауызымнан көп мөлшерде сөл бөлініп,ішім ауырады.Бұл асқазанның бұзылуыма?Ондай болса қалай емделуге болады?

1 жауап

Сілекей бездерінің бұзылыстары олардың қызметтерінің көтерілуімен немесе төмендеуімен көрінеді. Осыдан сілекей көп немесе тым аз бөлінуі байқалады. Сілекейдің көп бөлінуін гиперсаливация, аз бөлінуін гипосаливация деп атайды.



Гиперсаливация. Бүлінген тістерден, ауыз қуысының кілегей қабықтарынан, ас қорыту ағзаларынан жүйкелік серпіндер түсіп сілекей бездерінің қызметін көтереді. Бұлбездер парасимпатикалық жүйкелермен реттелінеді.


Гипосаливация - сілекейдің аз бөлінуі. Сілекейдің аз бөлінуі ауыз қуысының құрғауына әкеледі. Бұндай жағдайды ксеростомия деп атайды.


Жұтудың бұзылыстары.

Жұту - күрделі рефлекстік әрекет. Ол тамақ пен судың ауыз қуысынан асқазанға түсуін қамтамасыз етеді.

Жұтудың бұзылыстары (дисфагия-делінеді) туа және жүре пайда болған қатты немесе жұмсақ тандайдың ақауларында (қоян-жырық, тесік таңдай), бөбешіктің және көмекей бездерінің қабынуларында (баспа, тамақ тіндерінің іріңдеуі кездерінде) байқалады. 


Өңештің бұзылыстары.

Өңештің кимылдық, әрекеттерінің бұзылыстары ахалазия (босаңсымау), өңештің тұтасып жиырылып қалуы және склеродермия кездерінде байқалады.

Ахалазия өңештің тегіс салалы ет талшықтарының және төменгі қыспақтың тежегіш нейрондарымен реттелуі жоғалуымен сипатталады. Содан өңештің толки жиырылуы болмауы, оның төменгі қыспағының толық босаңсымауымен қабаттасады. Дерттің бастапқы сатыларында жұтқан тағам өңештің ортаңғы және төменгі бөліктерінде тұрып қалады. Қатты тағамды жұту үшін артынан сұйық ішуге мәжбүрлік пайда болады. 


Өнештің тұтасып жиырылып қалуы оның денесінің жиырылып қалуымен кәрінеді. Оның дамуында да тегіс салалы ет талшықтарының тежегіш нейрондармен реттелуінің жоғалуы маңызды орын алады. Бірақ, бұл кезде өңештің төменгі қыспағының қызметі қалыпты жағдайда сақталады. Осыдан кеуде қуысында қатты ауыру сезімі пайда болады. Бұл ауру сезімі жүрек қыспасы кездеріндегі ауру сезіміне өте ұқсас болады. Содан бұл дертті жүректің ишемиялық ауруымен, миокард инффарктымен жиі шатастырады.

Асқазанда асқорытылуьның бұзылыстары оның әдеттегі сөлденістік (сөл шығару), қимылдық, сіңірімділік, шығарымдық қызметтері бұзылуларымен көрінеді.

Асқазанның көп сөл бөлінуін гиперсекреция, аз сөл бөлінуін гапосекреция деп атайды. Сөл бөлінуінің өзгерістері оның қышқылдығы мен ферменттік белсенділігінің өзгерістерімен қабаттасады. Асқазан сөлінің қышқылдьғы жоғарылаын гиперацидтік жағдай немесе гиперхлоргидрия дейді.

Гиперсекреция кезінде аш қарынға бөлінетін асқазан сөлінің жалпы мөлшері 100 мл/сағ. Тұз қышқылының жалпы мөлшері 60 мм/л, дебиті 6 мм/сағ. мөлшерінде болады. Жүктемеден кейін селдің жалпы мөлшері 250 мл/сағ, тұз қышқылы 110 мм/л және оның дебиті 28 мм/сағ-тан асады.

Гипосекреция кезінде аш қарынға сағатына 40 мл-ден аз сөл бөлінеді. Онда қышқылдықтың азаюын гипоацидтік жағдай немесе гипохлоргидрия, бос тұз қышқылының толық болмауын анацидтік жағдай немесе ахлоргидриядеп атайды.

Гипохлоргидрия кезінде аш қарынға асқазан сөлінде тұз қышқылының жалпы мөлшері 12,5 мм/л, дебиті 0,5 мм/сағ-тан аспайды. Жүктемеден кейін сөлдің жалпы мөлшері 80 мл/сағ. тұз қышқылы 50 мм/л, оның дебиті 4 мм/сағ-тан аз болады.



Асқазанның қимылдық әрекеттерінің бұзылыстары.

Асқазанның бұл әрекеттерінің бұзылыстары оның толқи жиырылуьның (перистаптикасының грек. peristaltikos – қуыс ағзалардағы жүзік тәрізді тегіс еттерінің тағам қойыртпасын жан-жағынан қоршап, кейінгі бөліктеріне ығыстыра жиырылуы) бұзылуымен құсу мен көрінеді.

Перистаптиканың күшеюі (гиперкинез) асқазанның еттік қабатына парасимпатикалық (кезбе) жүйке талшықтарымен серпіндердің түсуі көбеюінен болады.

Асқазанның қимылдық әрекеттерінің азаюы (гипокинез) жиі гасприт кезінде, іш қуысы ағзаларының қалыпты орындарынан төмен ығысуларында (гастроптаз, спланхноптоз), қатты арып-жүдегенде және дененің жалпы әлсіздігінде кездеседі. Сонымен бірге, тым майлы немесе дәмі нашар тамақ ішу, қорқыныш сезімі, ауыржан күйзелістері, жағымсыз көңіл-күйлерде асқазанның қимылдық әрекеттерін азайтады.

Өңеш пен асқазан арасындағы қыспақ (серинктер грек sphinkter – қыспақ) әлсірегенде асқазанның ішіндегі қышқыл заттар өңешке қайтып, төс астында жүрек қыжылы сезіміне әкеледі. 


Ішектердін сіңіру қызметінің бұзылыстары.

Тағамдық заттар мономерлерге дейін ыдьрағаннан соң ашішекгерде сіңріледі. Астың мембраналық ыдьратылуы мен жасушалардың сьрткы мембраналары арқылы сіңірілуі және қанмен тағамдық заттардың тасымалдануы тығыз байланысты.

Сондықган астың мембраналық ыдьратылуының бұзыпыстарына әкелетін барлық ықпалдар ішектерде тағамның сіңірілуін бұзады.

Ашішекте сіңірілудің бұзылуын мәлабсорбция сиңдромы (фран. mal — ауру, дерт, лат absorptio — сіңіру) деп атайды. Бұл кезде бір немесе 6ірнеше тағамдық заттардың сіңірілуі бұзылуы мүмкін.

Мәлабсорбция синдромы — деп көбінесе ас қорыту ферменттерінің жеткіліксіздігінен ішектерде тағамдық заттардын, сіңірілуі және сіңірілген заттардың ішек қабырғаларындағы қанмен, лимфамен тасымалдануы бұзыпыстарын айтады. Бауыр патофизиологиясы

— бауыр организмде ішкі ортаның тұрақтылғын сақтап тұруға бағьпталған көптеген өте маңызды қызметтер атқарады.

Бауыр аурулары себепкер ыкпалдардың бауьрға тікелей әсерлерінен өзіндік және басқа ағзалар мен жүйелердің бұзылыстары нәтижесінде дамитын салдарлық болып ажыратылады. 


Бауырдың өзіндік бүліністерінің себепкер ықпалдары болып:

— бактериялар мен вирустар (вирустык гепатиттф А, В, С, Д Е энтфовирустар, туберкулез, мерез, іш сүзегі т.б. қоздырғыштары);

— қарапайым жәндіктер мен құрттар (амеба, лямблийлер, эхинококтар, бөсір (аскарида) т.б.);

— экзогендік, эндогендік улы өнімдер, дәрі-дәрмектер (сынап, фосфор, сулераниламидтер, антибиотиктер, ішімдік, тіннің ыдьрау өнімдері т.б.);

— өт жолдарының қабынуынан, тас байлануьнан т.б. жағдайлардан дамитын өттің іркіліп тұрып қалуы;

— аллергиялық серпілістер (екпе, емдік сарысу, тағамдық немесе дәрілік аллергендер организмге енгенде);

—тағамдық факторлар (нәруыздық витаминдік ашығулар, тым майлы тағам қабылдау т.б.);

— өспелер (гепатома);

— физикалық ықпалдар (иондағыш сәулелер, жарақат т.б.) —есептеледі. Организмнің басқа мүшері мен жүйелерінің аурулеры нәтижесінде бауырдың салдарлық бүлінстері мына жағдайлерда дамуы мүмкін:

• қанайналым жеткіліксіздігінен (слейме, коллапс, жүрек қызметінің жеткіліксіздігі);

• организмнің гипоксиясынан;

• қан жүйесінің ауруларынан (анемиялер, лейюздар);

• бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінен;

• витаминдфдің, әсіресе Е-витаминінің, тапшылығынан;

• эндокриндік бездердің аурулерынан (бүйрек үсті бездері сьртқы қабатының жітіп жеткіліксіздігі, қантты диабет);

• өспелердің бауьрдағы метастазаларынан;

• тұқым қуатын зат алмасуларының ауруларынан;

• темір иондарының артық жиналып қалуынан бауьрда гемосидфоз дамуынан т.б. жағдайлардан —байқалады.


http://dereksiz.org/otstik-azastan-memlekettik-farmacevtika-akademiyasi-alipti-jen-v5.html?page=3

118,385 сұрақ
305,283 жауап
153,297 пікір
67,647 қолданушы