0 дауыс
2.3k көрілді
Жылы-жай салу үшін қандай құжаттар болу керек. Жергілікті әкімдіктен қандай көмек аламын. Қандай банк арқылы несие рәсімдеймін.

2 жауап

0 дауыс
Даму, Атамекен деген кəсіпкерлерге қолдау көрсету ұйымдары болушы еді ғой, соларға жолығып көрмедің бе.
0 дауыс

Ең алдымен жылыжайды қай өңірде саласыз, сол маңызды? «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы еліміздің 80 ауданында ауылдағы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға «Бастау Бизнес» жобасын жүзеге асырып отыр. Бұл жобаға арнайы тестілеуден өткен, кәсіпкерлік икемі бар азаматтар іріктелініп, 30 күндік білім алады, бизнес-идеяны бизнес-жобаға айналдырып, комиссия алдында қорғап, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында жылдық сыйақы мөлшерлемесі 6% болатын жеңілдетілген несие ала аласыз.

Бүгінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ауылдық жердегі бизнес үшін пайызы төмен шағын несие береді. Оныңнесие беру тәртібі өте қолайлы: сыйақы мөлшерлемесі – 6 %, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 6,7 % аспайды»

Шағын бизнес үшін несие аламын десеңіз, алдымен өзіңіз тұратын өңірдеКәсіпкерлер палатасына жолығып, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан тегін кеңес ала аласыз. Аталған орталықта кеңес беруден бастап жобаны сүйемелдеуге дейін көмек көрсетеді. 1432 тегін байланыс нөміріне хабарласып, сауалыңызды қойып, тиісті маманнан жауап ала аласыз.

Сонымен қатар, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ жүгініп,несие алу бағдарламасымен таныса аласыз.

Ұқсас сұрақтар

...