+3 дауыс
554 көрілді
"Валентинді" атап өту қазақ жастарына қажет пе?

8 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Бiз қазақпыз ғашық болған Баянға, ей жастарым, елiн үшiн аянба! Fашық болсаң Валентин күнiн емес, Қалқаман мен Мамыр жайды баянда! Бiз қазақпыз ғашық болған Жiбекке, Еңлiктi айт ынтық болған Кебекке, Қазағымның өз тарихы тұрғанда, Өзге ұлттың Валентинi керек пе? - ӘРИНЕ ЖОҚ, КЕРЕК ЕМЕС
керемет!
АйДана:) пікіріңіз,сөз саптауыңыз ұнап жүр!
+2 дауыс
әрине қажет,әсіресе қазақтың ғашықтары үшін!
+1 дауыс
Мерекені атап өтуде тұрған ештеңе жоқ. Бірақ маған оның тарихы ұнамайды.
+4 дауыс
Біріншіден мұсылмандарда соның ішінде қазақтарда әулие валентин деген малғұн жоқ қайдағы жоқ християнның әулиесіне табынған қазақтың қаракөздеріне қайран қаламын не деген топастар сол еуропа біздің меркелерді тойлайма ермеміз ғой не болса соған еретін
Сенікі дұрыс. Бірақ, сол күнді тойлау, сол Әулие Валентинге табыну деген сөз емес қой. Қазір кез-келген ұлты қазақтан, сол Валентин амигоны сұрап көр, ешкім оны танымайды. Бірақ, сол күнді ғашықтар күні деп қабылдайды. Жәй, сол күнді бәрі тойлаған үшін. Халқың қалай болса, бөркің солай. Егер сол күнді тойлау шынымен қатер болса, оның себебін жаза өт. Әркімнің санасы бар, түсінеді.

Әрине, мәселен қазақтар Еуропа, орыстардың тойларын тойлағанымен, африкандықтардың мерекесін тойламайды ғой. Себебі, олар біз үшін жат. Ал Еуропалықтар өз ықпалын жүргізіп алған, оған қазіргі жастардың кінәсі жоқ. Бірақ, адасқанның айыбы жоқ, қайта үйірін тапқан соң деген сөз бар ғой?
+3 дауыс
Мүлдем қажеті жоқ. Мүлдем дұрыс емес. Ол қазаққа тән нәрсе емес.
+3 дауыс
"Әуле Валентин" қазақ жастарына ешқандай керегі жоқ мейрам. Неге десеңіздер? "Мой страстный!", "Я помню первый поцелуй!", "Сегодня наша первая ночь"  осындай құттықтаулар неге керек? Сұмдық емес пе барып тұрған? Алла Тағала ешкімнің басынан бермесін 14 ақпанда көптеген жастар зина жасап қояды. Өрімдей қарындастарымыз түсік тастап жатады.  Адамның рухани, ұлттық құндылықты жоюға арналған мейрам. Бұрындары мектепке "Әуле Валентин" күні басталса мектепте құттықтау хаттарын салатын жәшік қойып қоятын. Қазір де ЖОО-да мерекелік шара ұйымдастырылады. Өзіміздің 15 сәуір "Ғашықтар күнің" жандандырайық бауырлар!  Бірақ, мереке қазақы тәнмен тойлануы керек ұмытпайық. Мен өзім "Әуле Валентин" күнің қарапайым күн көрем. Тойлаймын деген адам өзі біле жатар. Біз, тек ол балаларға дұрыс түсіндіріп жүрсек болғаны. Келе жатқан Жаңа жылдарынызбен! Ешқандай дау айтпағайсыз маған "Жаңа жыл" жайлы.)
+2 дауыс
бұл күннің қазақша баламасы бар емес па, Жібек пен Төлеген күні, ондай күн керек деп ойлайм, бұл валинтин деген әулиеге қатысты емес, жастарға өз сезімін білдіруге бірден бір себеп болуы мүмкін... ол дінге еш қатысы жоқ!!! бұл күн жай ғана сылтау болатын шығар....
+2 дауыс
Негізі түк қажеті жоқ. Сыбыстан естуімізше Ұлы Валентин күні әлдекімдердің дін өкілдеріне қарсы жасалған дей ме, әлде бір Валентин дегеннің өлтірілген күні ме, әйтеуір аты жақсы емес. Ол күні тойламаған жөн. Бірақ оған ғашық жандардың мән беріп жатқаны шамалы, көңіл көтерсе болды. Бір жаманы дәл сол күні кей жандардың махаббаты сол күннен бастау алып, естелік боп қалып жатқандары. Әй, қайдам, ол күннің жақсы емесін білмейді-ау. Мен ол күні Валентин күні екенін тіпті ұмытып кетемін.....
Көркем, сендей қазақтың қыздары көбейе берсін!
...