0 дауыс
540 көрілді
Себепсіз қызғаншақтық шынайы махаббаттың белгісі ме? Жоқ әлде адамына байланысты болады ма? Мысалы, қызу қанды адам түймедейден түйе шығарады. Бұл қасиет қызға да жігітке де тән шығар. Деп ойлаймын. Ал сіздер не дейсіздер?

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Қызғаншақ емеспін десем өтірік айтқаным болар. Әрине, сүйген қызымды қызғанбай тұра алмаймын. Кейде қатты кетіп те жатам, артынан кешірім сұраймын. Сабырға келе алмағанда ішіннен басып тастауға тырысу керек. "Қызғаныш қайда болса, ұрыс сол жерде" - деп кеңестерін айтатын еді үлкендер. Қызғаншақтықтан көптеген жігіт пен қыздар, отбасылар айырылысып жатыр. Ауызбен қоштаса салу оңай, жүректі тыңдау керек.
+1 дауыс
Көбінесе махаббаттан. Шекарадан асып кетіп жүрмейік, сабырлы болайық.
+1 дауыс
Қызғаншақтық сезімі бәрінде бар ғой. Бірақ, қызғандым екен деп, адамның жанын жаралайтындай әрекет жасау бар мәселені шешпейді. Өзін өзі басқара алатын адам, өзгеге де ықпал ете алады меніңше. Агрессиямен жауап беру саналмайды.
+1 дауыс
Себепсіз қызғаншақтықтың себебі - сенімсіздікте деп ойлаймын! НЕмесе өте қатты жақсы көргендіктен))
...