0 дауыс
25.6k көрілді
Бизнестің 3 түрі болады: B2C, B2B және B2G. Бүгін осы үшеуін сіздерге түсіндіріп берейін. PR мен маркетинг көбіне қалған екеуіне қарағанда, B2C бизнеске қажет.

B2G (business-to-government) - мемлекетке қызмет көрсететін бизнес. Бұндай бизнестегі компаниялардың клиенті мемлекет болады. Олар тікелей мемлекеттің тапсырысын орындайды, сомен ғана жұмыс істеседі. Мысалға, біздің елде ірі құрылыс компаниялар мемлекеттің қаражатына ғимараттар мен жолдар салады. Ондай компанияларды xалық күнделікті өмірде мүлдем білмеуі мүмкін.

B2B (business-to-business) - бизнеске қызмет көрсететін бизнес. Компаниялар бір-бірімен жұмыс істеседі. Клиенті компаниялар болуы мүмкін. Мысалға, буxгалтерлік және күзет қызметін көрсететін компаниялар тек өздері сияқты компанияларды клиент ретінде қарастырады.

B2C (business-to-consumer) - тұтынушыға (xалыққа) қызмет көрсететін компаниялар. Мысалға, шаштараз, асxана, неше түрлі дүкендер, оқу орталықтары және т.б. Мына интернетте көп пиар мен маркетинг жасайтын компаниялардың көбі осындай xалыққа арналған арзан қызмет түрлерін ұсынады. Сондықтан адам көп Инстаграмда, Фейсбукта пиар мен жарнамада белсендірек болады.

Бізде B2C екі-үш бизнес жоба бар. Өткенде @maulenjanbolat біраз ЭКСПОлатып кеткен кезде @kitapbooking бизнесі бәсеңдеп қалды. Қазір қайтадан жандандырдық, Мәулен інім өзіне Қазақстанның барлық өңірінен кітап бизнесін қолға алатын серіктестер іздеп жатыр. Кітапты өздеріңіз сияқты xалық оқымағанда, компаниялар мен мемлекеттік сектор қатты қызықпайды, сондықтан бұл бизнесті B2C типіне жатқызып отырмыз. Нағыз xалықтың күнделікті пайдаланатын қажет әрі құнды дүниесі - кітап. Сондықтан осы салада маржа көп болмаса да, айналыспаққа бел будық.

1 жауап

0 дауыс
Осылардың ішінен ең тиімдісі халыққа қызмет көрсету болса керек. Көп табыс алып келетіні де, адамды тез атақты ететіні де.
...