Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес көп балалы аналардың:
– бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін);
– «Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Ардақты ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар ретінде арнаулы әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Алтын алқамен» – жеті, «Күміс алқамен» алты бала туған және тәрбиелеген аналар марапатталады. «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапаттау осы ананың алтыншы және жетінші баласы бір жасқа жеткен және қалған балалары тірі болған жағдайда жүргізіледі.
Мрапаттау кезінде мына балалар да есепке алынады:
– заңды түрде асырап алған;
– Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғау кезiнде немесе өзге қызметтiк мiндеттерiн атқару үстiнде қаза тапқан не болмаса хабарсыз кеткен, дүлей апаттар кезiнде не адам өмiрi мен материалдық құндылықтарды құтқару жөнiнде азаматтық борышын атқару үстiнде, қылмысқа қарсы күресте және қоғамдық тәртiп күзетiнде қаза тапқан, сондай-ақ аталған жағдаяттар кезiнде жаралану, мертiгу немесе ауруға шалдығу не еңбек жарақаты немесе кәсiби ауру салдарынан қайтыс болған балалар.
Жәрдемақы тағайындау туралы өтінішті тиісті құжаттарымен қоса тұратын жері бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың филиалына береді:
1) белгіленген үлгідегі өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) жәрдемақы алу құқығын растайтын құжаттар;
4) әлеуметтік жеке код беру туралы куәлік;
5) азаматтарды тіркеу кітабы.
Құжаттар түпнұсқада және салыстырып тексеру үшін көшірмеде ұсынылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш иесіне қайтарылады.
Жәрдемақыны тағайындаудың және мөлшерін анықтаудың тәртібі
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы қажетті құжаттармен қоса өтініш берген күннен бастап тағайындалады және ай сайын төленеді. Жәрдемақы мөлшері:
– бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін) – 3,9 айлық есептік көрсеткіш;
– “Алтын алқамен”, “Күмiс алқамен” марапатталған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алған, I және II дәрежелi “Ана даңқы” ордендерiмен марапатталған көп балалы аналарға – 6 айлық есептiк көрсеткiш.
Назар аударыңыз! Бір уақытта бірнеше негіздемелер бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарға жәрдемақы олардың қалауы бойынша тек бір негіздеме бойынша ғана төленеді.
Есте сақтаңыз! Көп балалы аналар Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы жеке куәлік және төлқұжат беру үшін баж төлеуден босатылады.
Ескерту. 2012 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері – 1 618 теңге.
Мұны білгеніңіз жөн (оқып шығыңыз):
1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 Заңы;
2) «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі № 365-I Заңы.
http://imurat.kz/kopbalaly-ana-komek/