0 дауыс
2.6k көрілді
Кейінгі ортағасырлардың тарихи және мәдени ескерткіштеріне сипаттама беріңіз(қысқаша)

1 жауап

0 дауыс

Қазақ хандығының нығаюына қалалардың маңызды рөл атқарғандығы анықталды. Ірі қалалар ретінде Шымкент, Сайрам, Отырар, Түркістан, Сауран, Созақты атауға болады.

Отырартөбе қалажұртында (XV-XVIII ғасырдың қабаттары бойынша) жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесі кейінгі ортағасырлық қала құрылысын сипаттауға мүмкіндік береді. Кейінгі ортағасырлық қалалар мықты бекініс қамалымен, биік қабырғасындағы мұнараларымен және сыртын қоршаған терең орымен сипатталады. Сауран, Отырар және Шымкент сияқты ірі қалаларда күйдірілген кірпіштен салынған көрнекті мешіттер пайда болып, оның қалаға өзіне тән кескін беріп тұратын қасбетінде биік мұнаралары тұрғызылды.

Кейінгі ортағасырлық кезеңнің құрылыс және архитектуралық ерекшелігі – мешіттер, медреселер мен кесенелер тұрғызу. Мешіттің ажырамас бөлшегі мұнара – яғни, мұсылмандарды намазға шақыру үшін азан айтылуға арналған биік құрылыс. Бүгінде бірнеше мұнаралар (Сайрам, Түркістан, Шымкентте) сақталған. Мешіттер рөлінің артып, идеологиялық орталыққа айналуымен мешіт жанынан медреселер ашыла бастайды. Шымкент облысы төңірегіндегі бірнеше медреселер (Баб ата, Аппақ ишан, т.б.) анықталды. Қазақстанның оңтүстігінде кесенелер салу тәжірибесінің кең қолданылуына орай архитектуралық пішін мен құрылымдық әдістердің бірнеше түрлері пайда болды. Бұл дұға оқуға арналған (Созақтағы) бір бөлмелі құрылыс, қабырғасында терең ойығы бар бір бөлмелі (Тұрбаттағы), бірнеше бөлмелі (Әбдел-Әзизбаб Сайрамдағы), сағанамен және сағанасыз кесенелер (Түркістан қаласындағы Рәбия Сұлтан бегім, Есім ханға арналған). Кесенелердің жобасы өзгерді: төртбұрышты немесе тік бұрышты (басым көпшілігі), көпқырлы (Түркістандағы Рәбия Сұлтан бегім кесенесі 8 қырлы), дөңгелек (Домалақ ана кесенесі); көлемі мен кеңістік шешім жасауда да қасбетсіз (Түркістан қаласындағы аты белгісіз кесене), қасбетті ғимарат тұрғызу, көбінесе, кейінгі кезең ескерткіштеріне тән. Шатырмен жабылған (Тұрбат), күмбезбен жабылған, т.б. кесенелер. Кесенелердің құрылыстың шешімі мен олардың көркемдік жабдықталу жүйесінде өзгерістер болды. Қарастырылып отырған аймақтағы Х ғасырдан ХХ ғасырға дейінгі кезеңдегі кесенелер архитектуралық ескерткіштердің кең тараған түрлері ретінде мәдени үдерістердің көптеген мәселелерін зерттеу үшін құнды мәліметтер береді.

Су жеткізу мен жер суландыру жүйесі де – атап өтуге тұрарлық тарихи ескерткіштер. Отырар алқабын суландыру үшін әр кезеңде жүргізілген оман арықтар (магистралды каналдар) мен су арықтарының қалдықтары сақталған. Қаратаудың Оңтүстік баурайындағы қалаларға бөгеттерден су ерекше әдіспен жеткізілген. Кәріз деп аталатын күрделі жерасты су жеткізу жүйесі де сақталған. Бұның негізінде өздігінен су ағатындай жер асты арығы тау беткейінен тегістікке қарай сәл ылдилана отырып қазылған. Жер асты ары.ының бүкіл бойында ауа кіретін құдықтар қазылған. Жиналған су периметр бойынша қыш ыдыстар бекітілген дөңгелек – шығыр арқылы көтерілген. Қаратау баурайларында ХІХ ғасырдың ортасына дейін кәріз халыққа қ.ызмет етті; өлке әкімшілігі сумен қамтамасыз ету және суландыру жүйесінде оларды тиімді санап, жөндеткізді. Суармалы алқаптарға су жеткізуде оман арықтар мен өзендерде шығыр кең қолданылды.

Қазақстанның оңтүстігіндегі келесі гидротехникалық құрылыс – сардоба – қар мен жаңбыр суын жинайтын жер асты резервуары. Бұл – жартылай жер астындағы диаметрі шамамен 6-8 м болатын күйдірілген кірпіштен (төменгі жағы тастан) қаланған күмбезді құрылыс. Суға тарихы ғажайып өлке тас баспалдақтар арқылы түседі. Сардоба керуен-сарай кешені құрамында салынған (мысалы, Мақтаарал ауданындағы Мырза Рабат сардобасы). XV – XVI ғғ. қазақ халқының және оның этникалы. аумағының ғасырлар бойына созылған қалыптасу процесі аяқталды. Қазақ қоғамының маңызды ерекшелігі оның жүздерге бөлінуі болды. Ұлы жүз тайпалары Сырдариядан Жетісуға дейінгі аумақты алып жатты. Оның құрамына үйсін тайпасының албан, суан, дулат, ысты, ошақты, шапырашты, сарыүйсін рулары мен қаңлы, сіргелі, жалайыр тайпалары енді. XV ғ. ортасынан XVIІІ ғ. басына дейін қазақ хандығы біртұтас саяси құрылымға айналды. Шаруашылықтың негізгі саласы жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды.


http://el.kz/

...