0 дауыс
8.6k көрілді

Мезолит адамдарының өміріндегі өзгерістерді анықтаңыз.(қысқаша)

1 жауап

0 дауыс

Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы — садақ пен жебе пайда болды. Ол ұсақ әрі жүйрік аңдарды, тіпті құстарды да аулауға мүмкіндік берді. Оның ойлап табылуы өндіргіш күштер дамуындағы шын мәніндегі төңкеріс болды. Енді жекелеген аңшылар қауымға онша тәуелді болмай, өзі-ақ аң аулауға шыға алды. Нәтижесінде қауымдар ыдырап, кезбе аңшылықтың рөлі күшейді.Голоцен кезеңінде жылынған күн терімшіліктің маңызын арттырып, неолит заманында қалыптасқан егіншіліктің алғышарттарын жасауға ықпалын тигізді. Мұздық ерігеннен кейін судың мол болуы балықтардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай туғызды. Бұл балық аулау тәсілдерін жетілдіруге ықпал жасады. Адамдар иілген қармақтарды, ауды, гарпундарды пайдаланып, балық аулаумен айналысты. Алғашқы қайық түрлері мен ескектер жасалынды. Ит қолға үйретілді. Ежелгі адамның өмір салты өзгерді, аң аулауға қолайлы алаптарды іздестіріп жиі қоныс аударып отырды.

...