0 дауыс
1.4k көрілді
Қазақ халқының мәдениеті жəне қандай музыкалық аспаптары бар?

1 жауап

0 дауыс
Қазақтың музыкалық аспаптары үрмелі, ішекті және ұрмалы болып 3 топқа бөлінеді. Үрмелі аспаптарға: сырнай, сыбызғы, қамыс сырнай, үскірік жатады. Ал ішекті аспаптарға: домбыра, жетіген, шертер, қобыз, шаңқобыз жатады. Ұрмалы аспаптарға: даңғара, дауылпаз, асатаяқ аспаптары жатады.

Аспаптар

Анықтамасы

Саз сырнай – саздан жасалынып, үрлеп тартылатын аспаптың бірі.

Домбыра – қазақ халқының ең көп тараған екі ішекті аспабы. Ол қазақтар арасында маңызды, өзіндік сипаты бар аспап.

Шертер – ежелгі ішекті аспап. Шертердің көлемі домбырадан кіші, бірақ пішіні қобызға ұқсайды.

Қобыз – екі ішекті, қырыққа тарта аттың қылы керілген ысқышы бар аспап.

Даңғара – үні жаугершілік кезінде сарбаздарды жинап, сапқа тұрғызуға, ұрандатуға, шайқасты тоқтатуға бағытталған.

Асатаяқ – абыздар мен бақсылардың қолданған аспаптарының бірі болған.

Музыкалық аспаптардың үлгілерін Қ.Қасымов, А.Ермеков, О.Бейсенбаев секілді шеберлер жасап шығарды. Бұл аспаптар қазіргі күнде Мәскеу, Алматы, Семей қалаларының мұражайларында сақтаулы тұр.
https://infourok.ru/aza_halyny_muzykaly_aspaptary_tarihynan._ltty_aspaptar_7-synyp-467530.htm
...