0 дауыс
20.0k көрілді
Орталық Қазақстан шаруашылық географиясы?

1 жауап

0 дауыс

Орталық Қазақстанда өнеркәсіп салаларынан тас көмір, мыс өндіру, қорғасын-мырыш, сирек металдар, химия-металлургия, қара металлургия жақсы дамыған.


Аудан республикадағы ауыр өнеркәсібі басым дамыған аймақ. Қара металлургия, кен өнліру, отын өнеркәсібі, машина жасау және химия өнеркәсібі ауданның маманданған салалары.


Өнеркәсібі.


Қарағанды көмір алабы Қазақстанның маңызды отын базасы болып табылады.


Қарағанды көмірі шахталық әдіспен алынады. Онда 60 шахта, 2 ірі көмір алабы ашық әдіспен жұмыс істейді.


Қазақстанда кокстелетін тас көмір толығымен осында өндіріледі. Ауданның э н е р г е т и к а с ы жергілікті көмірге негізделген. Көмірді пайдаланатын ірі ЖЭС-ры – Абай, Қарағанды, Теміртау қалаларында.


Орталық Қазақстан – қ а р а  металлургияның республикалық  маңызы бар негізгі шикізат базасы. Ауданда қара металлургияның дамуы Қарағандының кокс көмірі мен Атасу, Торғай, Соколов-Сарыбай, Аят, Лисаков, Қашар темір кен орындарының игерілуімен қатар жүзеге асуда. Аталған кокстелетін көмір мен магнитті темір кендерін пайдаланып Теміртау қаласында толық циклді қара металлургия зауыты жұмыс істеуде.


Аудандағы ауыр өнеркәсіптің ішінде жақсы дамыған тағы бір саласы – түсті металлургия.


Ауданда қорғасын-мырыш өндіретін кәсіпорын Сарыарқа полиметалл өндірістік бірлестігіне топтасқан.


Вольфрам мен молибден өндіру өнеркәсібі алдыңғы қатарда дамып отыр. Тау-кен өндіріс орындары Ақжал, Жамбыл, Ақшатау мен Жоғарғы Қайрақтыда орналасқан.


Машина жасау саласында Қарағанды ауыр машина жасау зауыты жұмыс істейді. Онда көмір өндіруге қажетті кеніш-шахта құрал-жабдықтарын, бұрғылау машиналарын, сондай-ақ өзі жүретін комбайндар мен крандар және электр энергетикасына қажетті құралдар шығарады. Бұл зауыттан шыққан өнімдер республика көмір алаптарын қажетті машиналармен қамтамасыз етеді.


Химия өнеркәсібі – синтетикалық каучук (Теміртау), күкірт қышқылы (Балқаш), резина, техникалық бұйымдар (Саран), азот қышқылдарын шығарады.


Тамақ өнеркәсібінен ауданда Қарағанды ет, ұн, кондитер комбинаттары, шарап, ликер-арақ, коньяк, сыра зауыттары, Балқаш балық зауыты бар.


Жеңіл өнеркәсіп саласында Қарағанды аяқкиім фабрикасы, трикотаж, тігін, жиһаз бұйымдары, шұлық бұйымдарын шығаратын кәсіпорындар жұмыс істейді.


Мал шаруашылығы


Жетекші саласы – қой шаруашылығы. Етті-майлы еділбай қойы, етті-сүтті ірі қара мал мен жылқы өсіруге қолайлы.


Егін шаруашылығы


Басты мақсаты – жаздық бидай өсіру, мал шаруашылығын жемшөппен қамтамасыз ету. Ауданда жүгері, күнбағыс, картоп егіледі


Көлік кешені. Аудан аумағы үлкен болғандықтан, елді-мекендер бір-бірінен шалғай орналасқан. Сондықтан бұл аудан үшін автомобиль жолының да маңызы зор. Олардың ішінде ең маңыздылары: Қарағанды-Теміртау, Қарағанды-Балқаш-Алматы.


Сонымен бірге Орталық Қазақстан үшін еліміздің басқа экономикалық аудандарымен байланыстыратын теміржолдың да рөлі ерекше.


Орталық Қазақстан аумағын бойлық бағытта 1205 км-ге созылған Петропавлдан Қарағанды арқылы Балқашқа қарай трансконтиненттік теміржол кесіп өтеді. Бұл теміржол желісі оңтүстік Мойынты стансысынан Шуға дейін барып, одан әрі Түрксібке жалғасады. Негізгі магистральдан батысқа қарай Жезқазған өнеркәсіп торабын Қарағанды-Балқашпен жалғастыратын тармақ шығады. Магистраль батысында Магнитогорскіге, шығысында Павлодарға, одан әрі Кузбассқа қарай баратын Оңтүстік Сібір теміржолымен жалғасады. 


Қалалары. Қарағанды – облыс орталығы. Республикамызда Алматыдан кейінгі аса ірі өнеркәсіп орталығы.


Қарағандының негізгі маманданған саласы – кокстелетін тас көмір өндіру. Қарағандының электр стансылары көмірді пайдаланып, өнеркәсіп орындарын, қаланы электр энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.


Теміртаудағы өнеркәсіптің жетекші саласы – қара металлургия. Сонымен бірге қайта балқытатын және толық циклді металлургия зауыттары бар.


Жезқазған – мыс қорыту өнеркәсібінің орталығы. Қалада құрылыс өнеркәсібінің кәсіпорындары, трикотаж және тігін фабрикалары, ет комбинаты және қуатты жылу электр стансысы жұмыс істейді.


Балқаш – ірі өнеркәсіпті қала, түсті металлургия орталығы.  Балқаш қаласында кен-металлургия комбинаты салынды, онда кен өндіріліп, байытылады. Балқашта балық зауыты жұмыс істейді.


http://u-s.kz/publ/6006-ortaly-azastan-sharuashyly-geografiyasy.html

...