0 дауыс
7.9k көрілді
Аустралияның қандай табиғат белгілері Африканың табиғатына ұқсайды? 2-3 мысал келт

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Оңтүстік Америка, Африка және Аустралия материктерінің көпшілік бөлігінде температура жыл бойы жоғары болады. Материктердің ең енді бөліктері субэкваторлық және тропиктік белдеулерде жатыр. Тек Оңтүстік Американың жіңішке оңтістік бөлігі ғана қоңыржай белдеуге енеді. Оңтүстік Америка, Африка және Аустралия материктерін оңтүстік тропик шеңбері кесіп өтеді.

Жер бедері. Оңтүстік жарты шар материктерінің жер бедерінде жазықтар басым болады. Олар материктердің негізгі бөліктерін алып жатқан ежелгі гондваналық платформаларға сәйкес келеді. Платформаларда фундаментті құрайтын кристалды жыныстары жер бетіне шығып жатқан қалқанда мен өте қатты майысқан ойыстар алма-кезек ауысып орналасқан. Қазіргі жер бедерінде қалқандар күшті мүжілгендіктен қалдық аласа тауларға айналған. Ал ойыстарда шөгінді жыныстардың қалың қабаты жиналып, үлкен алқапты алып жатқан тегіс жазықтар қалыптасқан.

Материктердегі ірі тау жүйелері олардың жағалық бөліктеріне сәйкес келеді. Гоендваналық плиталар мен мұхиттық плиталар мен литосфералық плиталардың түйіскен аймақтарында болған қатпарлану әсерінен түзілген бұл жас тауларға Оңтүстік Американың батысындағы Анд таулары, Африканық солтустік-батысындағы Атлас тауы, Аустралияның шығысындағы Үлкен Су Айырық жоталары жатады. Жарықтар арқылы базальтты жыныстардың сыртқа лықсуы нәтижесінде жанартаулық белдеулер қалыптасты. Оған біртұтас Африка-Аравия гондваналық плитасынығ Еуразия плитасы мен ығысуы нәтижесінде Арабияның Африкадан бөлінуі, Қызыл теңіз табанының ашылуы далел болады.

Материктердің экватор мен тропиктер аралығындағы орнына байланысты бірдей климаттық белдеулер мен табиғат зоналары кездеседі. Бірақ материктердің ауданы мен жер бедереінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты белдеулер мен зоналардың орналасуы және аудандару түрліше болады. Қазіргі кезде оңтүстік жарты шар материктері бір-біріне оқшау орналасқанымен олардың ертеректе табиғатының біртұтас дамығанын делелдейтін өсімдіктер мен жануарлардың ортақ түрлері кездеседі.
0 дауыс
Оңтүстік жарты шар материктері деп аталатын Оңтүстік Америка, Африка, Автсралия және Антартика узақ уақыт бойы ежелгі Годвана материгінің құрамында болған. Литосфералық плиталардың қозғалысы нәтижесінде Гондвана Оңтүстік Америка, Африка-Арабия, Үндістан Австралия-Антартика плиталарына ажырады. Сонымен мқатар плиталардың ажырау аймағында қазіргі Атлант және Үнді мұхиттарының табаны ашылды. Кейінірек Африка-Арабия және Үндістан плиталары Еуразияға, ал Оңтүстік Америка Панама мойнағы арқылы Солтүмтік Америкаға жалғасты. Аустралия мен Антарктида арасындағы құрлықтық байланыс үзілді. Нәтижесінде Оңтүстік жарты шар материгінің қазіргі пішіні қалыптасты.

Қазіргі кезде Оңтүстік Америка материгінің Солтүстігі мен Африка жерінің жартысынан астамы солтүстік жарты шарда орналасқан. Соған қарамастан олар геологиялық даму тарихымен табиған жағдайларының ортақ белгілеріне сәйкес оңтүстік жарты шар материктері тобына киреді. Сондықтан материктердің географиялық орнындағы қазіргі айырмашылқтарға қарамастан табиғат жағдайлары ұқсас болып келеді.
0 дауыс

Африка тропиктік белдеулер аралығында орналасқандықтан, жері өте қатты қызады. Жаз айларындағы орташа температурасы құрлықтың барлық бөлігінде дерлік 200С-тан жоғары,Сахара мен Суданның солтүстігінде350 – 380С-қа жетеді. Жер шарындағы ең жоғары температура+580С 1933 жылы Сахараның (әл-Азизия) Жерорта теңізі жағалауында тіркелген. Жылдық жауын-шашынның ең көп түсетін жері Гвинея шығанағы жағалауындағыКамерун тауының беткейінде (10470 мм, Дебунджа), ал ең аз жауын-шашын мөлшері Сахарада (0,5 мм, Асуан қаласы) тіркелген. Географиялық ерекшелігіне қарай Африка аумағыыстық, ылғалды экваторлық, ауыспалы ылғалды (муссондық), субэкваторлық, ыстық әрі құрғақ, континенттік, тропиктік шөл, ыстық ылғалды тропиктік және субтропиктік жерортатеңіздік климат белдеулеріне бөлінеді.


Аустралия жерлері көбіне тропиктік (18-30° оңтүстік ендік), солтүстігі субтропиктік ендікте жатыр. Шығыс жағалауының климаты (солтүстіктен 30° оңтүстік ендікке дейін) тропиктік, теңіздік.

Күн радиациясы үнемі жоғары болады: 590-750 кдж/сm³; сондықтан Аустралияның барлық аудандарында температура тұрақты болады. Аустралия түгелімен дерлік 20-28° С жазғы және 12-20° қысқы изотермалар аралығында жатыр. Солтүстік Аустралияның климаты ыстық болады: жаздың ең жылы айы - қаңтар мен қыстың ең суық айы - шілде температурасының айырмашылығы шамалы.

Тропиктік ішкі аудандар мен субтропиктік белдеулерде температураның маусымдық ауытқуы анық байқалады. Қаңтардың температурасы 40° С-тан жорғары болатын ең ыстық аудан солтүстік-батыста. Температураның абсолютті максимумы Клонкарриде (Квинсленд) 53,1°С, абсолютті минимумы -4°, -6° С-қа дейін. Тұрақты аяз (-22°С-қа дейін) тек оңтүстік-шығысындағы Аустралия Альпісінде болады.

Аустралияның жағалауының аз тілімденуі, құрлықтың батыстан шығысқа қарай созылып жатуы, Үлкен Суайырық жотаның Тынық мұхиттан соғатын ылғалды желге бөгет жасауы орталық аймақта климаттың құрғақ болуына әсерін тигізеді[4][5].

Аутсралияның жерінің 38 %-нда жауын-шашынның жылдық мөлшері 250 мм-ден аспайды. Солтүстік пен оңтүстіктен соғатын ылғалды желге қарсы тұратын кедергінің жоқтығынан, Аустралияда ұзаққа созылатын қуаңшылық болмайды. Құрлықтан солтүстігі мен шығысындағы тауларда жауын-шашынның мөлшері 500 мм-ден 2000 мм-ге дейін жетеді. Солтүстігіне жауын-шашынды солтүстік-батыстан соғатын экваторлық ылғалды муссон, ал шығысына Шығыс Аустралия жылы ағысы үстінде пайда болатын ылғалды ауаны Тынық мұхиттан соғатын пассаттар әкеледі. Жауын-шашынның ең көп жері - Кэрнс қаласының маңы (2243 мм-дей). Үлкен Суайырық жотадан батысқа қарай жауын-шашын мөлшері құрт азайып, батыс жағалауда 250 мм шамасында ғана болады.

...