0 дауыс
11.9k көрілді
Сабыр түбі - сары алтын шығарма керек?

1 жауап

0 дауыс
Ақыл - Адам көрігі, ақылдың сабыр серігі. М.Әуезов.

Адам пенде болғаннан соң көптеген өмірінде келеңсіздіктерге бой алдырады. Соның бірі, адамдар арасындағы жағымды қарым - қатынасқа, өкпе, ренішке нұқсан келтіріп өзара түсінбеушілік туғызады. Сол себепті өкпе, ренішке бой алдырмай адамдарға түсіністікпен, ізгілікпен, құрметпен қарау керек. Өкпе, реніш адамның көңіл - күйімен денсаулығына кері әсерін тигізеді. Айналаңа ылғи өкпелеп, ренішпен қарау, риза болмау, түрлі ауруларға шалдықтырады. Міне, сондықтан да кез - келген мәселені салмақпен, сабырмен шешу керек. Адамның осы мінезінің аса бір көркем түрі - сабырлық.

Сабырлылық - адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де, екіншісі адам өзін - өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Адам баласының бойында оны дәл сабырлылық тәрізді керемет етіп көрсететін мінез кемде - кем. "Сабыр түбі - сары алтын", "Сабырлы жетер мұратқа, Сабырсыз қалар ұятқа" деген қанатты сөз тегіннен тегін айтылмаса керек. Ашуға да, қуанышқа да сабырлылық көрсету бұл адамдықтың үлкен белгісі.
Сабыр деген әр іске шыдамдылық,

Қатты керек адамға бұл бір қылық.

Қолы жетпей талай жан ызданады,
Осыдан көп шығады адамшылық! - деп жырлаған Шәкәрім Құдайбердіұлының бұл өлең жолынан "сабыр" - дегенді ұстамды болу, шыдамды болу деген сөз екенін түсіндіреді.
Егер адамда сабыр болмаса, ол тез ашуланады. Ал ашуланған адам ашу үстінде асығыстыққа жол береді. Асығып қабылданған шешім барлық уақытта оң бола бермейді. Сондықтан ондай жағдайда ақылға салып, ашуға берілмей - сабыр сақтау керек. Сондықтан да Ұлы Абай "Асығыс түбі өкініш, ойланып алмақ сабыр сол" деп айтқан болатын.
Осы жолы мына бір қарияның даналығы есіме түсіп отыр: "Ертеде бір қарияның ашуланшақ, ұстамсыз ұлы болыпты. Бір күні қария баласына бір қапшық шеге беріп:

- Өзіңді ашу қысқан сайын ағаш бағанға шеге қағып, ашуың басылған кезде суырып аласың, - дейді. Бала бірінші күні - ақ бағанға оншақты шеге қағылғанын байқап, өзін - өзі ұстауға, ашуға бой бермеуге тырысты. Қағылған шегенің саны күнбе - күн азая бастады. Бала бағанға шеге қаққаннан гөрі ашуын басқанның жеңіл екенін түсінді. Ақырында бағанға бір шеге қақпаған күнге де жетті. Сонда әкесі бағанға жетелеп әкеліп:
- Жарайсың, балам! Бірақ бағанның шұрық - шұрық болғанын көріп тұрған шығарсың. Ол ешқашанда бастапқы қалпына келе алмайды. Адамға ғайбат сөз айтсаң, оның көңіліне жара саласың, оның жан дүниесі осы баған сияқты шұрық - шұрық болады. Одан кейін қанша кешірім сұрасаң да, жан жарасы жазылмайды. Ашуыңды ақылға жеңгізе біл, сабырлы бол балам, - дейді".

Иә, әрнәрсенің байыбына барып, ақылға салып, өзін - өзі ұстай білу - сабырлылықтың белгісі деген сөз бе деп ойлаймын.
Сабырлылық адамның өз мінез - құлқына ие бола   алатындығын көрсетеді. Өзіңе сабыр, сабыр деп жүрсең көптеген ыңғайсыз жағдайлардан құтыласың. Сондықтан да сабырлы бола біліңіздер деп айтқым келеді.
http://massaget.kz/blogs/12063/
...