0 дауыс
3.1k көрілді
Әскерге кеткенде жұмыс орыны сақтала ма?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007 жылы 15 мамырда қабылданды. Кодекске жыл сайын өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп тұрды. Сондай іргелі өзгеріс 2014 жылдың 11 шілдесінде қолданысқа енгізілген заңда көрініс тапқан болатын. Онда мысалы Еңбек кодексінің 28-бабы 1-тармағының 1- тармақшасындағы еңбек шартының мазмұнына түзету енгізілді. Осыған байланысты жұмысшыны жұмысқа қабылдау кезіндегі кейбір басы артық құжаттар алынып тасталды.

Еңбек кодексінің 53-бабына «Мерзімінің аяқталуына байланысты еңбек шартын тоқтату» туралы нақтыланған түзету енгізілді. Егер бұрын «еңбек шартының мерзімі аяқталғанда еңбек қатынастары іс жүзінде жалғасып, тараптардың ешқайсысы оның тоқтатылуын талап етпесе, шарттың қолданылуы белгіленбеген мерзімге ұзартылады» деп есептелген болса, онда еңбек келісімшарты жұмыста жоқ адамның міндетін орындаушы немесе белгілі бір жұмысты атқару бойынша жасалған болып саналатын, енді бұл норма белгілі бір мерзімге жасалған келісімшарттарға ғана қолданылады.

Сонымен қатар, Еңбек кодексінің 149-бабы 3-тармағына түбегейлі өзгеріс енгізілді, яғни, «Қызметкерді әскерге шақыру және әскери қызмет уақытында қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады» деген норма енгізілді. Осыған байланысты Еңбек кодексінің 58-бабындағы «Жұмыс беруші қызметкерді әскери қызметке шақырылған кезде оны жұмыстан шығаруға құқысы бар» деп көрсетілген 1-тармақтың 1-тармақшасы алынып тасталды.

0 дауыс

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы және "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi заңдарында жазылған.

...