+1 дауыс
1.1k көрілді
салем! Ертең бұйырса әскер қатырына журем. сендерге баріне рахмет. коп маглуматтар алдым
Сұрақтың жабылу себебі: қисық

8 жауап

+8 дауыс
 
Жақсы жауап
Оң болсын, балам, сапарың,
Молықсын дәмің, татарың.
Туған елің тапсырған,
Парызын өте Отанның.
Барып келіп жатыр ғой.
Өзіңдей жастар – қатарың.
Халықтың сүйген тірегің,
Сом темірдей білекті,
Арыстандай жүректі,
Анаңның сүтін ақтай біл.
Ақ батаны берейік,
Бере гөр деп тілекті!
Әумин.
әумин, рахмет.  тілектеріне!!!!!!!!!!
+7 дауыс
Жолың болсын. Отан алдындағы борышынды абыроймен атқаруыңа тілектеспін!!!
әумин, рахмет. тілектеріне!!!!!!!!!!
+6 дауыс
Жолың болсын.! Аман барып, сау кайт!)
Жолыңды Алла қолдасын,
Жаманшылық болмасын.
Серті мен сөзде тұратын,
Сенімді болсын жолдасың.
Жолыңды кесем дегендер
Ешқашанда оңбасын.
Сәтті болып істерің,
Жақсы болып түстерің,
Жортып бір жортып жеткенде,
Жомарт болып төсегің.
Жұғымды болсын ішкенің,
Көрмеген жерді көріп қайт.
Қайрылып сәлем беріп қайт.
Ырзығың сыртта шашылса,
Оны да түгел теріп қайт.
Айдарыңнан жел есіп.
Желіп барып, желіп қайт.
Бақ қосылып басыңа,
Дақ түспей ар мен ағыңа,
Сау-саламат өзіңмен,
Кездесейік тағы да.
Әумин
әумин, рахмет. тілектеріне!!!!!!!!!!
+5 дауыс
шымкент қаласы ленгер деп жатыр  ауа райы калай онда жай сурап жатканым маган барі бір.
Ленгерде күн жылы болады негізі. Ауасы таза, жасыл-желек көп, табиғаты тамаша.
 Жаксы жер.
рахмет, атыраудың газдың иесінен кутылатым болдым го. бирақ туып өскін жерге іштене жетпейдіго. :o
+6 дауыс
Жолың болсын...Отан алдындағы борышыңды абыроймен атқарып,,ата-ана,бауыр,құрдастарыңның арасына аман-есен оралуыңа тілектеспізғой біз....Әскер қатарына алынып,жырақтағы өмірді көргенге не жетсін...Біраз өзгеріп келесіңғой енді....
әмин, рахмет   тілегінге !!!!!!!!!!!!!!!
+6 дауыс
Отан алдындадағы парызыңды еркектерше атқарып кел !!! (muscle)
атқарып келем еркек ше бауырым саспай уйыктай бер!!!!!!!!!!!
+4 дауыс
Жолын болсын! Биз жакка келеди екенсин гой! Таяк жеуден биринши орын алма! Келгесин армиянын омир салтын айтарсын. Ал казир Ак жол,кара аспан. Кун бултты жанбырлы болгасын кара аспан,ойлап калма! Отан алдындагы борышынды адал абыроймен аткаруына тилектеспин!
+8 дауыс
достым!
соққан жел мен толқындар сенің кемеңді біздің жаққа бұрып, достарыңның арасына, өз Отаныңа тезірек оралғайсың. егерде сен бізді сағынсаң қолыңа қаламыңды қарулап алып, сағынышыңды ақ қағаз бетіне түсір де, ақ көгершіннен хат жолда. сонда біз де сенің әскери өміріңнің қалай өтіп жатқанынан хабардар болып тұрамыз.
АҚ ЖОЛ САҒАН!!!!!!!!!!!!!
Аспанды жамылғы, жерді төсек етіп ұлан-ғайыр дала төсінде дархан пейілмен көшіп-қонып жүріп ұрпақ өсірген қазақ халқының, осы ұлан-ғайыр даланы ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ұстап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бүгінгі күнімізге жеткерген батыр бабаның ұрпақтары, құрметті Arhun!
сізді әскерге шығарып саларда айтар сөзім: аман барып, сау қайтыныз. "малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы" деп ұл-қыз өсірген елдің ұрпағысыз. қашанда жүзіңіз жарық, мәртебеңіз биік болсын! Жаратушы Ие ақ жол, сәттілік берсін!
күншілдер өледі кеудесін от қарып,
батырлар өледі парызын атқарып.
бұзықтар өледі пашаққа құлшынып,
сұлулар өледі құшаққа тұншынып
тұлпарлар өледі соңына шаң қалып,
ақындар өледі бәріне таң қалып!- деп әйгілі Қадір ақын ағамыз жырлағандай біздің халық батыр жүректі, ақын жанды болатыны әбден дәлелденген. яғни сіз жүйріктігі ғасырлар бойы өшпейтін аңызға айналған арғымақ жаратып мінген арыстан келбетті, жолбарыс жүректі батырлардың, елдің мұңын жоқтап, күннің нұрын, жердің гүлін, қыздың сырын өмір бойы тамсанып жырға қосқан ақынның ұрпағысыз. олай болса Отан алдындағы борышыңызды абыроймен атқаратыныңызға мен кәміл сенемін!!!!!!!!!!!
Керемет тілектер. Қойын дәптеріме тіркеп алайын, қажеті болып қалар.
 (Архун бұл жерде кетейін де жатқан жоқ, оның жазуын тек түзеткен.)
...