Ажырасу ерлі-зайыптылар үшін өте ауыр процесс, әсіресе егер жұптың балалары бар болса. Сондықтан адамдардың процедураны дұрыс ресімдеп, тез өткізгісі келетіндігі таң қаларлық іс емес.
Қандай жағдай болмасынҚазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңның 26-бабы бойынша баланың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайлардың болуын қоспағанда, баланың өзiнен бөлек тұратын ата-анасы туралы ақпарат алуға, олармен кездесiп, араласып тұруға құқығы бар.
Ал бала кімде қалуын ата-анасы келісу арқылы шешеді. Келiсiм болмаған кезде ата-аналардың арасындағы дауды баланың мүдделерiн негiзге алып және оның пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың талап етуі бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен сот шешедi. Бұл ретте сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-iнiлерi (қарындастары) мен апа-сiңлiлерiне үйiрлiгiн, баланың жасын, ата-аналардың адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерiн, ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасындағы қарым-қатынастарды, баланың дамуы және тәрбиесі үшiн жағдайлар жасау мүмкiндiгiн (ата-аналар қызметiнiң түрiн, жұмыс режимін, ата-аналардың материалдық және отбасылық жағдайын және басқа да осындай жағдайларды) ескередi.
Егер сіз нақты дәлелдемелерді ұсына алсаңыз, бала сізде қалады.
Алимент алу туралы мәселе өз алдына, асықпаңыз, осы сот процессі өткен соң осында жүгінерсіз.
ТолығырақНеке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексінде