0 дауыс
40.1k көрілді

Менде іштен жəне сырттан разрыв болды. 10 күннен кейін шов снимайт етті бірақ ішінде қалып қойды, шамалы өзі түседі дейді ол?

1 жауап

0 дауыс

Мүмкін болса, табиғи жолмен босану әйелге көп жағынан пайдалы. Себебі кесар тілігінен кейін әйел ағзасында түрлі асқынулар мен ауытқулар пайда болады. Бірақ, егер әйелдің жамбасының өлшемі кішкентай (тар) болса, онда бірінші жүктілік кезінде кесар тілігін жасатуға мәжбүр болады. Өйткені мұндай жағдайда операциямен, яғни кесар тілігі арқылы ғана бала мен ана денсаулығын сақтап қалуға болады.

Кесар тілігін жасаудың тағы басқа себептеріне тоқталсақ, әйелдің қан қысымы жоғары, қант диабетімен ауырған, көзінің көру қабілеті өте төмен болған жағдайларда дәрігерлер кесар тілігін жасаудан басқадай тәуекелге бара алмайды. Кесар тілігін жасау туралы шешімді нақты медициналық айғақтар болған жағдайда ғана бірнеше дәрігер кеңесіп қабылдайды.
Әдетте, дәрігер екі рет жасалған кесар тілігінен кейін өзіңіздің тууыңызға рұқсат бермеуі ықтимал. Себебі, жатырыңызда бір емес, екі тігіс бар. Бұл толғақ кезінде жатырдың тілініп кету қаупін тудырады. Ал егер екінші баланы өздігіңізден туғыңыз келсе, араға 3-4 жыл тастап, әбден күтіну керек. Жатырдағы тіліктің орны әбден біткен-бітпегендігін УДЗ (ультрадыбыстық зерттеу) арқылы анықтап біліп, дәрігер рұқсат берген жағдайда ғана өзіңіз табиғи жолмен тусаңыз болады. Қандай жағдай болсын, дәрігердің ақылына құлақ асқан жөн.

Қалыптасып кеткен «Кесар тілігін 3 рет жасатқаннан соң туу мүмкін емес» деген түсінік бар. Дәрігерлердің арасында бұған қатысты мүлдем басқаша пікір айтатындары да бар. Олар білікті дәрігерлердің жіті қарауында болып, жақсы күтінген жағдайда, 4-5 нәрестені дүниеге әкелуге (босануға) болатындығын айтады.

...