Қазақ халқы көне заманнан бері сөзге шешен, данышпан, ақылды, аталы сөзге тоқтаған, қариямен қасарыспаған, үлкенді үлгі етіп сыйлап, кішіні кішіпейілділікпен құрметтеген. Алла мен ата-ана алдында бетегеден биік, жусаннан аласа болып, кеудесіне қолын қойып, бас иіп күй кешкен. Ризық Алладан екенін білген қазақ: «Құдайдан берекет – қазақтан әрекет; бір қой егіз тапса, бір түп жусан артық шығады» - деп, өз несібелерін адал терген. Жанұясын көз қиығымен, ыммен бағындырып, балаларын өсиет-өнегемен өсірген, түрлі өнерге, қандай да бір кәсіпке бөлтірігін үйреткен арландай баулыған. Балдарына: «Ымға түсінбеген – дымға түсінбейді» - деп, кесіп бір айтқан. Елі мен жерін, тілі мен дінін, жетім мен жесірді қорғауға келгенде найзаның ұшымен, білектің күшімен, қайырлы ісімен алдына жан салмаған. Көлдің – тақыр болуы, байдың – пақыр болуы оңай. Бай болып елге пайдамыз тимесе, батыр болып жауға найзамыз тимесе, қазақты көргенде қас дұшпанымыз именіп бұтына симесе, бұл тірліктен не пайда деп шорт кескен, қазақ, жауларын жер иіскеткен. Қорқуды білмеген халықтың бойында қорқыныш сезімі болмаған. Қадалған жерден қан алған қайтпайтын қайсар қазақ – мықты жауынгердің нақ өзі болған. Қазақ халқы – жеті атаға дейін қыз алыспаған таза тұқымды халық. «Жеті атасын білген ұл – жеті жұрттың қамын жер, жеті атасын білмеген – жетімдіктің салдары» - деп, қазақ текке айтпаған. Көшпенді қазақ ант етсе – антына адал, сертіне – семсер, аманатқа – қиянат қылмаған. Мақал-мәтел, нақыл сөз, қара өлең, қара сөз, айтыс -тартыс, күмбірлеген күй, жыр-дастан, езуіңді жия алмайтындай күлкіге кенелтетін көңіл көтерер қалжың-әжуа әңгімелерге өте бай болған. Серілік қылған болар, бірақ перілік қылмаған, арақ-шараптың орнына шуат, айран-шалап ішкен. Қазы-қарта, жал-жая, бауырсақ пен қуырдақ жеп, қымызға қызса да карта, құмар ойнау дегенді білмеген, шама келсе пайдалы кеңестерін айтып қылжия кеткен. Зиялы қазақтан зымияндық пен зұлымдық сияқты сұрқиялық істер шықпаған. Шылым шегіп өкпені жаншымаған. Жекпе-жекте жауын жайпайтындай қазақы күресті еркін меңгеріп, онысын саңлақтардың санасына сіңіріп, сарбаздарға салт қылып дамытып отырған. Апиын, ине секілді ұрпақ аздырар зұлматтарды мүлдем пайдаланбаған. Қолданбақ түгілі есті адамды есалаң ететін есірткінің есімін естімеген, естігісі де келмеген, жамандықпен ерегесіп күресіп өткен. Ал инені жүн-шұлық сияқтыларды тоқуға әйелдер ғана пайдаланады деп топшылаған. Ер жігіттің еңсесін көтерген, енжарлықтан айырып, еңбекқорлыққа қайырған. Қазақтың: «еңбек етсең жасыңнан, бақыттысың жас ұлан; еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» - деген мақалдары бұған дәлел. Өзбектің құралы «қулық» дегенді білмеген, керісінше қонақжай болған, қысқасы таспен ұрғанды – аспен ұрған. Заманың түлкі болса – тазы болып іл деп, қазір ғой таспен ұрғанды Зидан құсап баспен ұр деп әзілдеп жүргендері. Түркіменнен үркімеген, керісінше найзағайдай күркіреген. Тәжіктей тұйық болып, томсырайып жүрмеген, келген қонаққа ақ пейіл, шын жүрекпен: «сыбағаң бар, қой соямын» - деп, қалбалақтап жүгірген. Қырғыздардай қарқылдап күле бермеген, бір шұқып айналаға екі қарап сауысқандай сақтанып, қыран құстай қырағыланып қатая түскен. Қояндай қорқып, үкідей үркіп, жапалақтай жалтақтамаған. Армяндай арқырап, грузиндей гүрілдеп, азірбайжандай азынағанды ұнатпаған. Шешендердей шекірейіп, дағыстан құсап даңдайсымаған, орыс құсап жұрттың обалына қалмаған. Өсек-аяң, айқай-шу, дау-дамай, негізсіз жанжал-төбелестерді жақтырмаған, тыныштықты қалаған. Мекиен сахара-сағым кең далада еркін өскен. Алланың берген еркіндігін кеңінен пайдаланып, мәңгілік бостандықты, таза жұмақи өмірді армандап, азаттықты аңсаған. Қазағымның көңілінің дархан, кең екені сондықтан. Қазағым аттың құлағында ойнап көкпар тартқанда, сом-сом болған кесек-кесек бұлшық еттері қазіргі культуристерден әлдеқайда көркемірек еді. Қажы Мұқандай піл палуандар тек қазақ халқынан ғана туған. Қазақ құралайды көздемей құлатқан садақшы мерген болған. Оның қасында қазіргі киллерлер нысананы көздікпен мерлеп дөп басып бағындыра алмауда. Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қасқырдай қайсар халық қандай да бір қиыншылықты нардай көтерген. Ақын-жазушыларымыз, палуан-батырларымыз, көрікпен үрлеп, бұйрығынның томашасымен темірді қыздырып, темірден түйін түйіп, болатты шарыққа қайраған ұсталарымыз, алтынмен әрлеп, күміспен күптеп, жезбен жиектеп, қоламен қаптап, ою-өрнекпен темірге ой салған зергерлеріміз, тәжірибелі тігіншілер, адал аспазшылар, жезтаңдай әншілер, күңіренген күйшілер, жел берген жыршылар, туралық үшін тер төккен термешілеріміз, кішкентай бүлдіршіндердің көңілін аулаған ертекшілеріміз секілді ұлт мақтаныштары көп болған. Қолөнершілеріміздің білектеген текеметтерінің тұскиізіндегі қошқармүйізді эскизі қасында түріктің түкті кілемі жәй дәліздегі төсеніштей еді. Әкең жынды болса байлап бақ деген қазақ жерінде «жындыхана, қарттар үйі» болмаған. Жетім көрсең жебей жүр деген қазақ жерінде «жетімдер үйі» болмаған. Текті халықтан қызтеке, еркекшора секілді біржынысты тексіздер шықпаған, сондықтан қазақ жерінде «көргенсіздер үйі» болмаған. Адамы өлсе намазын оқып, арулап көмген. Мұндай елде өліктерді өртейтін «криматори» деген кесір және болмаған. Қазақ жерінде мешіттер көп болған,
кәпірдің шіркеулері мүлдем болмаған. Қазағым адамнан емес Алладан қатты қорыққан. Жонғар, қалмақ секілді адамға сәжде қылғандардың басын алмас қылышпен шауып тастап отырған, яғни Аллаға емес адамға сәжде қылғандарды жақтырмаған. Ғайбат сөйлеп біреулерді даттамаған, алдап, ұрлап, зорлап, зиян етіп кісінің ала жібін аттамаған. Жомарт бай болған, төрт түлік малы сай болған. Төрт маусымға арналған жиналмалы киіз үйлері жапониядағы сисметикалық жағдайларға төтеп бере алатын көп қабатты үйлерінен әлдеқайда артық болған. Тезегі газ болатын қазақтың мінген джипі – ат болған. Ер қанаты – ат деп атам қазақ тегін айтпаған. Сондықтан да қазақтың жаулары: «қазақ – ат үстінде тайсалмайтын батыр, ал атсыз қалса – әркімге қол шатыр» - деп, ызаландырған. Дұшпандары мат болған, қазақтың көңілі шат болған. Тары-бидайдың да арасында ласы жүретіні секілді халық болған соң ішінде бірең-сараң тентектері де болғаны сөзсіз. Бірақ дана халық бұлардың жаманын жасырып, жақсылығын асырып тез жөнге салып отырған. Теректі шыбық кезінде түзе, қатынды бастан, баланы жастан деген халыққа бір тентек сөз болып па? Қазақ күмпіп бөсетіндерге «конг-фу», у-шу шығарғандарға «у-шу», айқайлайтындарға «айкидо», балақайға «айкикай» руды азғырғандарға «рукапашка», қара ниеттілерге «каратэ» сияқты тәсілдерді қара терге түсіп қолданбай-ақ, сүйектен өтетіндей бір ауыз қара сөзбен тоқтата білген халық болған. Ант – Алла сөзі, айтылған сөз – атылған оқ деп, әр сөзін садақтың жебесіндей үшкірлей түскен. Кең болсаң, кем болмайсың деп, кемшілік емес кеңшілікті сүйген аталарымыз қажарлы, аналарымыз ажарлы, қыр гүліндей құлпырған қырмызы қыздарымыз адамға тіке қарауды білмей, жүздері жерге қараған ибалы, ұлдарымыз ұятты білген иманды болған. Әулиесін сыйлаған, бірақ сыйынбаған. Сыйыну – тек қана бір құдайға лайық деп, дінді өте тура, терең түсінген. Ой-өрісі таза, қызыл тілімен теңізді тілген. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің деген қазақ тәрбиесін кейінгі ұрпаққа айна-қатесіз жеткізіп жалғастырып отырған. Ұлтшыл болған, текшіл, кекшіл, көпшіл болған, намысшыл болған. Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді, малым-жанымның садақасы, жаным-арымның садақасы деген, яғни ары үшін жанын беретін аршыл болған. Саусақ бірікпей ине ілікпейді; түйменің инесіз күні жоқ; адам күні – адаммен; жылқы – кісініскенше, адам – түсініскенше деген, қазақ, ауызбірліктен еш ажырамаған. Суы тынық, жері шұрайлы көк майса, кең-өлке, кең-байтақ, ұлан-ғайыр, ұшы-қиырсыз кең жазира, елі бай, ауасы қандай тамаша болған десеңізші? Айта берсе өте көп, тіпті сан, тіл жетпейтін. Қысқасы, Жаратқан ием қазақ халқына бар мүмкіндік, бар байлық, бар жақсылықты аямай үйіп-төгіп бере салған. Соны білген қазекем өздерін: «Құдайдың құлымын, Мұхаммедтің (с.ғ.с) үмметімін, төрт шадиярдың досымын (Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли), Алхамду лиллә мұсылманмын» - деп санаған. Қазақтың аты да айтып тұрған жоқ па:
Қ – қазақ
А – атам
З – заманнан
А – адамға емес, Аллаға
Қ – құл болған деп.
Қазақтың ниеті түзу, жаны нәзік, көңілі қаздай ақ, өзінде болмаса да өзгеде болса екен деп тілейтін тілеуқор, адамзат баласына мейірім, аяушылықпен қарайтын, жоқ-жітікке өле жегенше – бөле же деп барын аямайтын жомарт, сахи халық болған.
Қ – құдайым !
А – азғырушы
З – залымнан
А – адамзатты
Қ – қорға деп, күллі адам баласы үшін Құдайдан тілек тілеп, дұға қылған. Бір аңыздарда қазақтың осындай ерекше қасиеттеріне ыза болған лағынет атқыр Ібіліс шайтан: «ісім сендермен болсын» - деп уәде еткен көрінеді-мыс. Және дәл солай болды да. Бірақ мейірімді Алла қазақ халқына шапағат етіп, мейірімін төкті.
Қ – қорлық
А – азап
З – зұлымдықты
А – арқалаған
Қ – қазақ: «жазмыштан-озмыш жоқ» - деп, өмір сүрулерін жалғастыра берді. Мың өліп, мың тірілген қазақ халқы не көрмеді десеңізші?
Тұрар Шапқара арнайы Бөрілі Байрақ үшін